Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тәсілі енгізілмек
    Жаңалықтар

    Отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жаңа тәсілі енгізілмек

    Айғақ медиаАйғақ медиа09.12.2015225 Views

    Елбасы Н.Назарбаев 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жариялаған. Соның 48-қадамында құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу болатын. Аталған ресурстық әдіс 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілмек. Бұл жөнінде ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс басқармасының басшысы К.Орашов мәлім етті. Басқарма басшысы бұл ресурс тауардың өзіндік құнын анықтап, отандық тауар өндірушілерге мол мүмкіндік беретінін атап өтті. Күмісбек Орашов барша тауар өндірушілерге жаңа жүйеге белсене қатысып, өнімдерін тізімге енгізуді шақырды. Қазақстан кәсіпкерлеріне қолдауға бағытталған жүйе келер жылы жұмысын бастаса, мемлекеттік сатып алу оңтайланады. Құрылыс материалдардың бағасы арзандап, ғимараттардың сапасы жақсармақ. Сонымен қатар, брифингте сөз алған «Мемсараптама» РМК Оңтүстік өңірі бойынша филиалы директорының орынбасары И.Спатаев өңірдің барша кәсіпкерлеріне өздерінің өндіретін құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарының тиісті құжаттарын әзірлеп, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетіне» және оның көшірмесін «Қазақ құрылысы және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамының crn5@mail.ru электрондық поштасына жолдауларына болатынын айтты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.