Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО сотына жаңа төраға тағайындалды
    Жаңалықтар

    ОҚО сотына жаңа төраға тағайындалды

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.06.2017270 Views

    ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәми бүгін ОҚО сотының жаңа төрағасын таныстырды. ОҚО сотының төрағасы болып Талғат Қожанұлы Баратбеков тағайындалды.

    «Талғат Қожанұлы, барлығыңызға жақсы таныс. Оның жұмыс тәжірибесі жеткілікті. Әділет және прокуратура органдарында жұмыс істеген. Судьялық қызметтің барлық сатыларынан өткен»,- деді Қ.Мәми.

    Бұған дейін ОҚО сотының төрағасы лауазымын атқарған Нұрсерік Шәріпов ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қзыметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Талғат Қожанұлы Баратбеков 1973 жылы дүниеге келген.

    1998 жылы Талдықорған заң институтын «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    1994-1995 жылдары — Төлеби халық сотының сот орындаушысы.

    1995-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы.

    1999-2000 жылдары — Алматы қаласы Әділет басқармасының бөлім бастығы.

    2000-2002 жылдары — Алматы облысы Әділет басқармасы бастығының орынбасары.

    2002-2005 жылдары — Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

    2005-2009 жылдары — Абай аудандық сотының, Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.

    2009-2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының басқарма бастығы, Департамент бастығының орынбасары.

    2011-2014 жылдары — Астана қаласы прокурорының орынбасары.

    2014-2016 жылдары — Алматы облыстық сотының сот алқасының төрағасы.

    2016 жылдан бастапжаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы қызметін атқарған.

    Сонымен қатар, бұл күні бірқатар аудандардың да сот төрағалары таныстырылды. Яғни осыған дейін Түлкібас аудандық сотының судьясы болып қызмет атқарған Ермек Қарақұлов – Бәйдібек аудандық сотына, Отырар аудандық сотының сотының судьясы болып қызмет атқарған Әкімбек Жанасов – осы аудандық сотқа, және Қазығұрт аудандық сотының төрағасы қызметін атқарған Қанатбек Қоңырбаев – мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа төраға болып тағайындалды.  Жиынның екінші бөлімінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми өңір соттарының 5 айдағы сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысын тыңдады.

    Ботагөз Мәдібек

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.