• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 25, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Денсаулық

Шымкентте «Ардагерлер – ұрпақ сабақтастығының өзегі» атты қоғамдық форум өтті

16.06.2017
0

Оңтүстік Қазақстанда облыс əкімі жанындағы «Ырыс алды – ынтымақ» қоғамдық форумы өтті. Шымкент қаласы  «Мұса» салтанат сарайында өткен облыстық шара — «Ардагерлер – ұрпақ сабақтастығының өзегі» тақырыбына арналды. Іс-шараны жазушы, қоғамдық форумның хатшысы Мархабат Байғұт жүргізді.

Қоғамдық форумға өңіріміздегі барлық аудан, қаладан делегаттар, зиялы қауым өкілдері, депутаттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни басқарма имамдары мен БАҚ өкілдері жалпы саны 300-ден астам азамат қатысты.

Жиында сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев тәрбиелік мағынасы зор форумға жиналған көпшілікті Рамазан айымен құттықтап, бүгінгі тақырып аясында ойын ортаға салды.

«Біздің қазақта қадірменді қариялардың, абыз ақсақалдардың орны ерек. Бұл ұлы қасиеттер, сайып келгенде, ұлттық кодымыздың уызына жатады. Елбасымыз өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу екеніне, онсыз жаңғыру дегеніміз құр жаңғырыққа айналуы мүмкін деген болатын. Байырғы тарихымызға ай көзімен қарасақ, қай кезде де қазыналы қариялар елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп отырған. Ұлтымыздың ұлағатты салт-дәстүрлерін өмір мектебі ретінде дамытып, ұрпақтар сабақтастығына ұластырып, келешекті кемелдендіруден аянбаған»,-деді әкім.

Сонымен қатар, өз баяндамасында Ж.Түймебаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айқын көрсетілген бағдарлар мен жобаларды  жүзеге асыруда қариямыз бен жасымыз білек сыбана, бірлік пен ынтымақты ту етіп кірісуіміз керек деді.

Форум барысында Ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай өңірдегі 20 ардагер «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен наградталса,  екі ардагер облыс әкімінің Грамотасымен марапатталды.

Өз кезегінде, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы   Жеңісбек Мəуленқұлов «30 жыл – 30 белес» тақырыбында баяндама жасаса, қоғам қайраткері, еңбек ардагері Шалатай Мырзахметов ұрпақтар сабақтастығы және әдемі қартаюдың мән-мағынасына тоқталды. Ал, медицина саласының ардагері, ғылымдарының докторы Иманәлі Байдаулетов «Еңбегіне сенгеннің еңсесі биік» тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, айтыскер ақын Біржан Байтуов «Қариялар мен жастар. Рухани жаңғыру және туған жер» тақырыбында жастардың атынан өз ой-пірімен бөлісті.

Жиын барысында форумға қатысушылар орта толтырған пікірлер негізінде арнайы қарар қабылдады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Елімізде 1 қазан – Қарттар күні. Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты “Белсенді...

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

«ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО» СҰЛУЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ ТАБЫСТЫ БРЕНД

Айғақ медиа
17.10.2025
0

Тарихы мен қалыптасуы «Золотое яблоко» (Gold Apple) – Ресейден шыққан ірі парфюмерия және косметика дүкендер желісі. Компанияның негізін қалаушылар –...

ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНДА ӘКІМ ТАЛ ЕКТІ

Айғақ медиа
16.10.2025
0

Шымкентте өткен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қала әкімі де атсалысты. Іс-шара барысында мегаполис көшелеріне шынар мен қайың ағаштары отырғызылды. Бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.