Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»«Оңтүстік Қазақстан облысындағы әйел және бизнес» тақырыбында форум өтті
    Жаңалықтар

    «Оңтүстік Қазақстан облысындағы әйел және бизнес» тақырыбында форум өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.12.2015356 Views

    «Оңтүстік Қазақстан облысындағы әйел және бизнес» тақырыбында өткен форумға 150-ден астам әйел азаматтары қатысты. Мұндағы мақсат облыстағы нәзікжандыларды бизнестік ортаға тарту арқылы ел экономикасын дамыту. Аталмыш пікірталас алаңында мемлекеттік және қаржы институттары тарапынан, бизнес саласындағы гендерлік тепе-теңдік, әйелдер арасындағы қаржылай сауаттылық, кәсіпкерлікті дамыту сұрақтары, шағын және орта бизнесте жаңа жұмыс орындары сынды мәселелер қамтылды. Қазіргі таңда облысымызда орташа есеппен шағын және орта бизнес иелерінің 41 пайызы әйел азаматшалар. Сондай-ақ, мемелкеттік және бюджет қызметінің де жартысынан астамы нәзікжандылардың үлесінде екен. Құрылғанына небәрі жеті ай болған кеңестің құрамында қазіргі таңда 85 мүшесі бар екен. Бірақ осы аз ғана уақыттың ішінде өңірлік деңгейде әйелдер кәсіпкерлік мектебінің құрылуына мұрындық болып, нәзікжандылардың бизнесіне мемлекеттік қызметтерді ұсыну мониторингін жасап отырған бірден бір ұйым. Кәсіпкер әйелдердің қазіргі таңда бизнесті бастау үшін немесе өркендету үшін ең негізгі қаржылай, ақпараттық және маркетингтік сауаттылығының төмендігі кедергі келтіретіндігі туралы басқосу барысында кеңінен айтылды. Осы үш проблеманы шешу үшін алдағы уақытта семинарлар, мастер кластар, оқыту бағдарламалары жүргізілетін болады. Аталмыш форумның өзінде бизнес ледилер үшін үш мастер –класс өткізіліп, кәсібін өркендетіп отырған әйелдердің кеңесі ұсынылды. Форум қатысушылары бизнестің мемлекеттік қолдау институттарының көмегімен өз ісіне қаржыландыру мүмкіндіктері туралы  біраз ақпараттармен қанықты. Белгілі болғандай, Еуропаның қайта құру және даму банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегімен әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға 3,7 млрд. қаржы бөлінген. Қаржы «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы аясында «Даму» қорының кепілдігімен беріледі. Соңғы жылда бұл бағдарламамен 2000-ға жуық заңды тұлға қамтылса, форум барысында өз бизнесін қаржыландыратын басқа да мүмкіндіктер арқылы кеңестер берілді. Мұндай диалогтық алаңның ұйымдастырылғанына облыстың нәзікжандылары дән риза. Осылайша көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап алып, сан түрлі тақырыпта мәселелер талқыланған диалогтық алаңның түйіні Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі мен Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

    Ұлжан Наушабаева

    12339166_1239739679373424_2431114047950375540_o

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.