Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Шымкент холл» салтанат сарайында жас жеткіншектерді мерекелерімен құттықтап, сый-сияпат табыс етті.
«Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел үміті. Сондықтан да, балалар, сапалы білім алып, еліміздің дамуына белсене араласып, тәуелсіз Отанымыздың одан әрі гүлденуіне өз үлестеріңізді қосуларыңыз қажет. Ал, біз сіздерге әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз» ,- деді Жансейіт Қансейітұлы
Мерекелік шарада балалар ән айтып, би билеп, театрландырылған қойылымдарын паш етті. Жеткіншектердің мерекелік концерттік бағдарламасын тамашалаған аймақ басшысы жиналған 100 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар тарту етті.
Кеш соңы жасөспірімдердің жаппай мерекелік концертіне ұласты.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі