Шымкент алдыңғы қатарлы «Ақылды» қалалардың технологиясын меңгермек. Қараша айының 17-19 жұлдызы аралығында Барселона қаласында жыл сайын өтетін «Ақылды қала» Халықаралық конгресс-көрме ұйымдастырылды. Онда беделді, даму қарқыны жоғары қалалардың жаңа жобалары мен тәжірибесі көрсетілді. Шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов бастаған делегация қатысуда.Дәстүрлі түрде өтетін «ақылды» қала шарасына күллі әлемнің түпкір-түпкірінен қала басшылары, мамандандырылған ғылыми институттар мен инновациялық кәсіпорын жетекшілері шақырылады. Бұл жолы үздік жобаларымен ерекшеленген қалалар арасында Бостон, Торонто, Сидней, Хельсинки, Лондон, Гонконг, тағы басқалар бар. Өзінің үздік инновациялық жетістіктерімен ғаламды мойындатқан 10 кәсіпорынның қатарына бұл жолы Cisco, Audi, BASF, Bombardier, тағы басқалар енді. Шараға жиылған көпшілік қауым қала шаруашылығын басқару жүйесін, ондағы зияткерлік, технологиялық жобалардың үздік үлгілерін, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жобасы бойынша алдыңғы қатарлы жетістіктерімен танысуға мүмкіндік алды.
ҚАТЕРЛІ ДЕРТТІ ЕМДЕУДЕГІ МЕДИЦИНАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
Шымкентке Моңғолиядан дәрігер-онкологтар келді. Тәжірибелі хирургтардың қатысуымен ауыр дертке шалдыққан науқастарға ота жасалып жатыр. Осылайша жергілікті мамандар бауырдағы қатерлі ісікті...