Тұңғыш президент қоры дарындыларды марапаттады. Лауреат атанғандардың ішінде Қытайдағы ән байқауында талантымен таңқалдырып жатқан жас әнші Димаш Құдайберген де бар деп хабарлайды КТК арнасы.
«Эстрада наминациясы бойынша Димашқа осы қордың сыйлығы бұйырған екен. Оның алдағы өтетін сайыстарына үлкен шабыт береді деп есептейміз. Жастарымыз осындай сыйлыққа ие бола берсін деп тілеймін», — дейді Димаштың әкесі Қанат Айтбаев.
Байқауға жалпы 130-ға жуық өтініш түсіпті. Сондықтан жеңімпазды анықтау оңай болмаған. Бірақ, қазылар алқасы шын жүйріктерді іріктеп алып, арнайы дипломмен қатар ақшалай сыйлықпен марапаттады.
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz