Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ерлан Айтахановтың төрағалығымен ОҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Кездесуде қоғамда балалар мен әйелдер айналасында белең алып отырған өткір мәселелер талқыланды. Жиынға қатысушыларды, әсіресе, отбасылық зорлық-зомбылық пен үлкендердің балаларға әлімжеттік жасауы, ана мен бала саулығы, ерте жүктілік пен бала тәрбиесі, ата-ана жауапкершілігі мен адамгершілік, руханият, неке жауапкершілігінің маңыздылығы, сондай-ақ, баласының қартайған әке-шешесіне қамқорлығы сынды өзекті проблемалар алаңдатады.
ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ
Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...








