• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 23, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

А. Мырзахметов Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 13-ші саммитіне қатысты

03.03.2017
0

1 наурыз күні Исламабадта ел басшыларының — Экономикалық ынтымақтастық ұйым мүшелерінің (ЭЫҰ) 13-ші саммиті басталды. Саммитте ЭЫҰ-ның 2025 жылға дейінгі даму жоспары және ұйымды реформалау жөніндегі мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Саммитке Иран, Түркия, Әзербайжан, Түркіменстан мен Тәжікстанның мемлекет басшылары, Пәкістан және Қырғызстан елдерінің Премьер-Министрлері, Ауғанстанның сыртқы істер министрі, Өзбекстанның Вице-Премьері қатысты.

Елбасы тапсырмасымен еліміздің атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов қатысты.

ЭЫҰ шеңберіндегі ынтымақтастық мүше елдердің сенімді әріптестік және өзара түсіністік, сондай-ақ, тепе-теңдік қағидатына негізделген. Ұйымның не­гіз­гі міндеті –аймақтың экономикалық да­муы үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі қатынастарды өзара ынтымақтастыққа негіздей отырып, әлеуметтік, мәдени, ғы­лыми-техникалық салаларды дамыту, мү­ше елдерді уақыт талабына сай интегра­циялау болып табылады.

Саммит барысында Қазақстан тарабы өзара қарым-қатынастың 4 бағытын талқылауға ұсынды.

Бірінші бағыт – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру. Қазіргі кезде, Қазақстан трансмагистральді автомобильдік және темір жол құрылысын кең ауқымда жүргізіп жатыр. Бұл ЕЭО-тың ауқымды жобаларын интеграциялауға және Жібек жолы Экономикалық белдеуі жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты, Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктерін ЭЫҰ-на мүше барлық елдердің ынтымақтастығын кеңейту үшін пайдалану ұсынылды.

Екінші — аймақтық сауда-саттықты ынталандыру және ұлттық өнімдердің әлемдік нарыққа шығуын кеңейту. Бұл бағытта мультимодальдық тасымалдауды бірігіп ұйымдастыру және транспорттық инфрақұрылымның тармақталған желісін құру қажет.

Бұл орайда, Қазақстан ЭЫҰ елдерін байланыстыратын және Еуразияның басқа да нарығымен жалғастырушы көпір рөлін атқарады.

Үшінші —  энергетикалық қауіпсіздік. Энергетикалық нарықтағы транспаренттілік мәселелерін қарастыруда және осы салада жаңа технологияларды енгізуде ынтымақтасу.

Төртінші — 2018 жылдан бастап, ағылшындық құқық негізінде толықтай іске қосылатын Астана Халықаралық қаржылық орталығы аясындағы қарым-қатынас.

Саммит барысында, Вице-Премьер қатысушыларды 2017 жылдың қыркүйек айында Астанада алғаш рет өтетін Ислам ынтымақтастығы ұйымы­ның Ғылым және технология саммитіне шақырды.

Анықтама:

Экономикалық ынтымақтастық ұйымы – 1985 жылы құрылған, ол аймақтық үкіметаралық бірлестік және 1977 жылы нау­рызда үш құ­рыл­­­тайшы – Иран, Пәкістан және Түркия мемлекеттері құрған Аймақтық ын­тымақтастықты дамыту ұйымының мұрагері. Ұйым жұмысы 1992 жыл­дан бастап жаңа жеті мемлекеттің – Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Қырғызстан жә­­не Өзбекстанның қосылуына бай­л­а­ныс­­­ты белсенді түрде дамыды. Қазақстан ЭЫҰ-ға ресми түрде 1992 жылы 28 қарашада қабылданды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ ТИІМДІ ТАҢДАУ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Болашаққа бастар маңызды қадам – бүгінгі таңдау. Шымкентте талапкерлерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Бір алаңға жиналған жоғары оқу орындары мен...

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

АЙМАҚТЫҚ КАРДИОХИРУРГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
21.07.2026
0

Балалар кардиохирургиясын дамыту бағытында маңызды жоба қолға алынды. Жыл соңына дейін Шымкентте республикалық деңгейдегі аймақтық кардиохирургиялық орталық ашу жоспарланып отыр....

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ФЕЛЬДШЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ БЕЙНЕЖЕТОНМЕН ҚОРҒАЛАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Шымкенттің халқы бүгінде 1 миллион 300 мыңға жуықтады. Халық көбейген сайын сапалы медицинаға деген сұраныс та артып келеді. Ал осы...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

АҚЫЛДЫ БАҒДАРШАМ КӨЛІК КЕПТЕЛІСІН АЗАЙТАДЫ

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Қазір жасанды интеллект тек бір саламен шектелмейді. Ол медицинада диагноз қою мен қызмет көрсету сапасын арттыруға, білім беру жүйесінде оқыту...

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

ЕГІН АЛҚАПТАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК

Айғақ медиа
20.07.2026
0

Бір ғана ұшқын… Бір сәттік салғырттық… Диқан үшін ең үлкен қауіп – қуаңшылық қана емес. Көзді ашып-жұмғанша тұтас алқапты жалмауы...

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТЫНА ЖАҢА ТӨРАҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
17.07.2026
0

Шымкент қаласының мәслихатына жаңа төраға тағайындалды. Депутаттардың ашық дауыс беру қорытындысы бойынша бұл қызметке Мұрат Жолдықожаев сайланды. Бұған дейін мәслихат...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.