Грек-рим, ерлер және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Яғни ақпанның 26- күні салтанатты түрде ашылған аламан дода күні кеше өз мәресіне жетті. Тартысқа толы өткен бәсекеде жерлестеріміз топ жарып, қоржынымызға бірнеше медальдарды тарту етті. Яғни 4 күн бойына жалғасқан жарыста, боз кілемнің шаңын қақан тарландарымыз Оңтүстіктің үкілі үмітін ақтап, абыройын асқақ етті.
Айзада Бидан