Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Білім»Ерлан Сағадиев ОҚО-на келді
    Білім

    Ерлан Сағадиев ОҚО-на келді

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.03.2017420 Views
    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевпен кездесті.  Жүздесу барысында  Елбасы Жолдауы жүктеген білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы талқыланып, білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары жөнінде сөз қозғалды.
    Өз кезегінде  Ерлан Кенжеғалиұлы базалық оқулықтар әзірлеуге қатысты министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы да сөз етті.
    «Елімізде білім саласына ерекше мән беріліп отыр. Жаңа заманға сай талаптар ретімен енгізілуде. Біз осындай қадамдар арқылы Қазақстандағы білім беру жүйесін күтілген стандарттарға жеткіземіз. Тағы бір жаңалықтар — электронды портал. Бұл өз кезегінде мұғалімдерді қағазбастылықтан босатады. «Күнделік» порталы мен оқушылардың ҰБТ және басқа да емтихандарға дайындалуына көмекші құрал болатын «Вilim Land. Kz» интернет порталы іске қосылып отыр. Мектептерді интернетпен және интерактивті тақталармен қамту да басты назарда болады», — деді Ерлан Кенжеғалиұлы.
    Білім және ғылым министрлігі биылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерін аттесттаудың жаңа қағидаларын әзірлеп шықты.  Бұдан бөлек, балабақшаларда, мектептерде, колледждерде және ЖОО-ларда мемлекеттік бақылау шеңберінде тәуекелдерді бағалау жүйесі бойынша жаңа тәсілдер қолданыла бастады.
    Оңтүстік Қазақстан облысы еліміздегі ең көп оқушылар топтасқан өңір болып саналады. Әр жыл сайын мектеп табалдырығын аттайтын балалар 30 мыңға көбейіп отыр. Жылына орташа есеппен 80 мыңға жуық нәресте туылады. Сондықтан да өңірде мектеп тапшылығы туындауда.
    «Жалпы, бүгінде облысымызда 1021 мектеп бар. Алдағы 5 жылда 205 мектептің құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Елбасымыздың Жолдауын іске масыру баршамызға міндет. Осы орайда еліміздегі білім мен ғылым жүйесінің алдағы реформаларын бірлесе атқаруға ниеттіміз. Өзімнің осы саладағы тәжірибем мен білімімді бөлісуге қашанда әзірмін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Айта кетейік, облысымызда «Балапан» бағдарламасы аясында 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту мәселесі басты назарға алынып отыр. Алдағы 3 жылда мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында балабақша санын 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Кездесу соңында Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімдігі Оңтүстік өңіріндегі білім саласындағы күрмеулі мәселелерді бірлесе шешуге  уағдаласты.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.