Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»2017 жылы Шымкентте 1600-ға жуық коммуналдық пәтердің кілті табыс етіледі
    Жаңалықтар

    2017 жылы Шымкентте 1600-ға жуық коммуналдық пәтердің кілті табыс етіледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.03.2017544 Views

    Бүгін Ғ. Әбдірахымовтың төрағалығымен әкімшіліктің кезекті жиыны өтті. Басқосуда Шымкент қаласындағы тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың жайы, құрылыс жұмыстарының барысы талқыға түсті.
    Тұрғын үй туралы қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Тәжібай Егетаев есеп берді. Оның айтуынша, Шымкент қаласының құрылыс бөлімі 2016 жылы 60 нысанның құрылысын жүргізіп, 15 нысанды пайдалануға тапсырған.

    2017 жылы бюджеттен 13,5 млрд. теңге қаржы қарастырылып, 24 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның 11-і (558 пәтер) «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асады деп жоспарланған. Ал 1600 пəтерді құрайтын 13 үй коммуналдық (арендалық) тұрғын үй бағдарламасымен пайдалануға берілетін болады. Бұған қоса, «Shymkent city» шағынауданында 9 қабатты 5 тұрғын үйдің (270 пәтер) құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.

    Жиында кезекте тұрған азаматтарға пәтер беру мəселесі де қаралды. Ғ. Әбдірахымов баспанамен қамту бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. Қала басшысы құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлердің сапасын бақылау үшін арнайы комиссия құруды және «Шаңырақ» бағдарламасына ерекше көңіл бөлуге нұсқау берді.

    Сондай-ақ, қала әкімі жиында инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізу жұмыстарының атқарылу барысын ортаға салды. 2016 жылы мемлекеттік бюджет есебінен 6,5 млрд теңге қаржы қарастырылып, Шымкент қаласы бойынша 12 инженерлік жүйенің құрылысы жүргізілген. Оның ішінде 3 нысан пайдалануға берілді. Тәжібай Дүйсенұлының баяндамасына сәйкес, 2017 жылы 9 нысанның құрылысына 5,4 млрд теңге қаралды.

    Шымкент қаласы әкімінің ресми сайты

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.