Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бекітілді
    Жаңалықтар

    Шымкент қаласының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті бекітілді

    Айғақ медиаАйғақ медиа23.02.2017222 Views

    Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қалалық мәслихатының кезектен тыс он төртінші сессиясы өтіп, онда бекітілген күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгерістер енгізілу мәселесі қаралды. Сессияға қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

    Мәжілісті қалалық мәслихат сессиясының төрағасы Ғ.Ташқараев жүргізіп отырды. 2016 жылғы кірістер бойынша артылған қаржы қаланың қандай қажеттілігіне жаратылатынын қала әкімінің орынбасары Г.Құрманбекова мәлімдеді. Түзетулердің нәтижесінде 2017 жылға арналған нақтыланған бюджет мына бағыттарға: қаладағы аудан әкімдіктері арқылы мәдени іс-шаралар өткізуге – 10,1 млн теңге, оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға – 70 млн теңге, «ЭКСПО-2017» іс-шарасына қала мектептерінің оқушыларын қатыстыруға – 50 млн теңге, №5 спорт мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын бастауға – 18 млн теңге, 8 елдімекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ПДП) әзірлеуге 199,8 млн теңге, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға және күтіп ұстауды ұйымдастыруға 15,6 млн теңге, жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларға 15,3 млн теңге, көшелерді орташа жөндеуге 100 млн теңге, қалада ирригация жүйелерін жөндеуге 386,5 млн теңге, «Тассай» шағынауданындағы магистральды кәріз коллекторының құрылысына 45,4 млн теңге жұмсалатын болды.

    Жиында сөз алған қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов ирригациялық жүйелердің тозығы жеткеніне, сондай-ақ қаланың кейбір аудандарындағы ескі үйлерді бұзу, салық төлеу сынды бірқатар маңызды мәселелерге тоқталды.

    – Өткен аптада жауған жауын салдарынан қаладағы ирригациялық арықтар мен атыздар шамадан тыс толып кетті. Бұл жағдай жергілікті тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудырды. Бұлай болуының себебі, ирригация жүйесі әбден ескіріп, нашарлап кеткен. Қаламызда көптеген жеке тұлғалардың меншігіндегі кафе, дүкен, тойханалардың алдында арық, аяқжол деген атымен жоқ. Әсіресе, Бәйдібек би көшесінде орналасқан тойханалардың алдында арық түгілі адам жүретін аяқжолды таппайсыз. Қаланың Бас жоспарына сәйкес, төрт ауданға ирригациялық жүйені жаңартуға бюджеттен 23 млн теңге қарастырып отырмыз, – деді Ғабидолла Рахматоллаұлы.

    Шымкент қаласы әкімінің ресми сайты

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.