Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Мақтааралдағы жағдай бақылауға алынды
    Жаңалықтар

    Мақтааралдағы жағдай бақылауға алынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.02.2017308 Views
    Оңтүстік Қазақстан облысында 16-19 ақпан күндері жауған нөсерлі жауынның салдарынан Мақтаарал ауданы тұрғындарының үй аулаларын су баса бастауы жөнінде ОҚО Төтенше жағдайлар департаментіне бірнеше хабарлама келіп түскен.
    Толассыз жауған жауынның және Атакент кентіне жақын орналасқан мақталық алқаптарда жаппай сор шаю жұмыстарының жүргізілуі мен жер асты суларының көтерілуі салдарынан Атакент кентінің Қажымұқан, С.Мұқанов, Сейфуллин көшелері бойында орналасқан 58 үйдің ауласын су алу фактісі орын алды.
    Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынын төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша арнайы штаб құрылып, тәулік бойына үздіксіз жұмыстар жүргізілуде.
    Аталған жағдайды тікелей бақылауда ұстау мақсатында Мақтаарал ауданына ОҚО әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаев арнайы барып, штаб жұмысын үйлестірді.
    Шұғыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, су басқан елді мекендерде  авариялық-құтқару жұмыстары жүргізіліп, мотопомпалармен көлемі 12 926 текше метр болатын су шығарылды. Бүгінгі таңда су басқан үйлердің аулаларындағы сулар төмендетіліп, тазартылуда. Аталған үйлердің ешбірі шығынға ұшыраған жоқ.
    Облыс әкімінің орынбасары Ж.Бөкенбаевтың айтуынша, Мақтаарал ауданындағы су шығару жұмыстарына жалпы 52 адам, 5 техника, 9 мотопомпа жұмылдырылған. Сонымен қатар, аудан әкімшілігі мен жергілікті полиция қызметкерлерінен құралған 26 адам жұмылдырылды. Осы жұмыстарды ұйымдастыруда жергілікті тұрғындар да өз үлестерін қосуда.
    Бүгінгі таңда аталған ауданда  су тасқыны қаупі жоқ, жағдай тұрақты. Жұмыстар жалғасуда. Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауына алынған. Осы күндері жауған қатты жаңбырдың салдарынан облыстағы Шымкент, Түркістан,  Арыс, Кентау қалаларымен Мақтарал, Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек, Ордабасы, Шардара, Қазығұрт аудандарындағы елді мекендерді су басу қаупі байқалған. Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су басқан орындарда авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізіп, мотопомпамен суларды шығарған. Жергілікті атқарушы органдармен жүйелі түрде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жалпы жағдай оңтайланды.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.