Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР
    Айғақ MEDIA

    ӨРНЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨНЕР

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.11.20260 Views

    Кейде бір ғана жіп тұтас бір тарихты тарқатуы мүмкін. Ал сан түрлі жіптің өзара өрілуінен тұтас бір дәуірдің тынысын танытатын өнер туындайды. Шымкентте дәстүрлі қолөнер мен заманауи өнерді ұштастырған халықаралық гобелен көрмесі өтті. Кілем тоқу – қазақтың тұрмысымен біте қайнасқан байырғы өнер. Алайда жаһандық сауда мен жаппай өндірістің дамуы дәстүрлі қолөнердің өрісін тарылтты. Мамандар ендігі міндет – атадан қалған асыл мұраны сақтап қана қоймай, оны заманға сай жаңғырту дейді.

    Көрмеде он суретшінің туындысы топтастырылған. Әрқайсысы жеке болмыс, ортақ жады мен әйелдер еңбегін өзіндік өрнекпен бейнелеген. Мұнда дәстүрлі қолөнер заманауи өнермен үндесіп, жаңа сипатқа ие болған.

    Мұндағы әр туындының айтар астары бар. Әсіресе жеті жайнамаздан құралған композиция көпшіліктің назарын аударды. Оның жанында орналасқан фольгадан жасалған нысан да көрмеге өзгеше сипат беріп, келушілердің қызығушылығын оятты. Туындының мән-мағынасын автордың өзі тарқатып берді.

    Өнердің өрісі кең, ал мұраның ғұмыры оны ұлықтаған ұрпақпен өлшенеді. Бұл көрме де көнеден жеткен қолөнердің бүгінгі заманмен үндесе алатынын көрсетті. Өйткені дәстүрді сақтау – өткенді қайталау емес, оның қадірін келер күнге жеткізу.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    СМАРТФОННАН АЛЫСТАТҚАН ЗИЯТКЕРЛІК ДОДА

    18.11.2026

    КЕМЕЛ ҚОҒАМНЫҢ КІЛТІ

    18.11.2026

    ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТЫҢ ТЫНЫСЫ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.