Әлемдік неврологияның назары – Шымкентте! Қазақстанда халықаралық деңгейдегі ауқымды пәнаралық неврология конгрессі өтіп жатыр. Төрт күнге созылатын жиынға әлемнің 5 елінен жетекші ғалымдар мен медицина мамандары жиналған. Аталған жиында жүйке жүйесі ауруларының алдын алу мен емдеудің озық тәсілдерін талқыланбақ. Неврология саласындағы ғылыми жаңалық мыңдаған адамның өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. Шаһардағы халықаралық конгрестің де негізгі мақсаты – ғылым мен тәжірибені тоғыстырып, жүйке жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін дамыту.
Оңтүстік Қазақстанмедицина академиясы мен «Asia Neuro» қауымдастығыбірлесіп ұйымдастырған басқосыға Қазақстан, Ұлыбритания, Малайзия, Испания, Иран және Түркиядан келген мамандар қатысты. Конгресс аясында бірқатар өзекті медициналық мәселе талқыланып, паркинсон ауруы, инсульт, эпилепсия, деменция ауруларын диагностикалау мен емдеу жолдары назарға алынбақ.Әсіресе сирек кездесетін неврологиялық ауруларға басымдық беріліп, науқастарға қажетті медициналық көмекті қолжетімді ету мәселелері ортаға салынады. Тек теориялық талқылаумен шектелмей, қатысушылар клиникалық жағдайларды саралап халықаралық диагностикалық өлшемдерді қолдануды үйретеді. Сонымен қатар қозғалыс бұзылыстарын бағалау және инсульттен кейінгі оңалту бойынша практикалық сабақтарда өткізілмек. Бір алаңда тоғысқан халықаралық тәжірибе, ғылыми ізденіс пен дәрігерлік машық. Мұның барлығының түпкі мақсаты – диагнозды дәл қойып, науқастың жағдайын жақсарту. Шаһарда өтіп жатқан халықаралық конгресс Қазақстанның неврология саласындағы ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, Орталық Азия мен әлемдік медицина арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға жол ашпақ.


