Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Агро»Асқар МЫРЗАХМЕТОВ: «Кооперация — ауыл болашағы»
    Агро

    Асқар МЫРЗАХМЕТОВ: «Кооперация — ауыл болашағы»

    Айғақ медиаАйғақ медиа18.02.2017230 Views
    Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен  агроөнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңейтілген мәжілісі өтті. Жиынды облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жүргізіп отырды. Жиында сөз алған вице-премьер ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін ірілендіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

    00796d-14_16_56_22-still001

     «Мемлекет басшысы Жолдауда аграрлық сектор-экономиканың жаңа драйверіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Осы тапсырмаға сай агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Ондағы негізгі мақсат — үй шаруашылықтары мен ұсақ шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру, өнімді қажетті инфрақұрылыммен қайта өңдеуді ұлғайту. Өткен жылы осы тапсырма аясында еліміз бойынша 15 мың жеке қосалқы шаруашылықты қамтыған 157 кооператив құрылды. Олардың базасында 100-ден астам сүт қабылдау пункті мен жеті мыңнан астам отбасылық бордақылау алаңы ұйымдастырылды», — деді Асқар Исабекұлы.
    Еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі алдағы бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартып,  өнімнің өңдеу сапасын жақсартуға күш салмақ. Бұл бағытқа мемлекет бюджетінен 57 миллиард теңге бағытталып отыр. Несие шаруаларға 6 пайыздық жеңілдікпен үлестірілетін болады. Ондағы негізгі талап – кооперативке бірігетін шаруа қожалықтардың саны 20-дан кем болмауы тиіс.
    Вице –премьер сондай-ақ субсидиялау қағидаттарының қайта қаралып жатқанына  да кеңінен тоқталды. Бүгінде 11 субсидия түрі алынып тасталып, 35 субсидия түрінің нормативтеріне өзгерістер енгізілген.

    0002vl-14_08_33_19-still001

    Аталған мақсат-міндеттер Елбасы Жарлығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алғы шарттары ретінде белгіленіп отыр.
    Жиын барысында еліміздің Ауыл шаруашылығы министрілігінен арнайы келген дирекция басшылары жиналғандарға кооператив құрудың негізгі алғы шарттары мен субсидиялау, құжаттандыру мақсатындағы қағидаттарды жан-жақты түсіндірді.
    Бағдарламаның басты мақсаты – ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту. Оның аясында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 38 пайызға, жалпы өнімін 30 пайызға, азық-түлік тауарларын экспорттау көлемін 600 млн. АҚШ долларына арттыру және импорт көлемін 400 млн. АҚШ долларына төмендету қарастырылған.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.