Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді»
    Жаңалықтар

    Арыстанбек Мұхамедиұлы: «Енді өңірлерге қаржы спорттағы жетістігіне қарай бөлінеді»

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2017226 Views

    Облыстарда спортты дамытуға қаржы бөлген кезде тепе-теңдік сақталмайды. Осыған байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер ұсынған. Бүгінде заң Парламент Мәжілісінің қарауында жатыр. Егер құжат заңды күшіне енетін болса, ол еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға тың серпін береді. Сондай-ақ, өңірлерге қаржы спорттық жетістіктеріне қарай берілуі мүмкін. Бұл туралы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

     «Елімізде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жыл сайын 40 мыңнан астам спорттық іс-шара өткізіледі. Оларға 5 млн-ға жуық азамат қатысады. Бірақ өңірлерге қаржы бөлуде тепе-теңдік сақталмайды. Бұл – өте күрделе мәселе. Осыған депутаттар назар аударса деймін», — деді ол.

    Министр осыған байланысты спорт туралы заңға өзгерістер енгізілгендігін алға тартты.

    «Осы мәселені ескеріп, министрлік «Денешынықтыру және спорт туралы» ҚР заңына тиісті өзгертулер енгізді. Онда спорт түрлеріне қаржы бөлінген кезде саралау жүргізілетіні айтылған. Құжат ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Депутаттардың қолдауымен бұл заң қабылданады деген үміттемін», — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

    Сондай-ақ, министр алдағы уақытта қабылдануы мүмкін заңның маңыздылығын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл заң – еліміздегі бұқаралық және өңірлердегі спортты дамытуға бағытталған алғашқы заң.

    «Құжат бұқаралық спортты дамытуға серпін береді деген үміттемін. Әр облыстың ерекшелігіне байланысты жергілікті атқарушы билік, Мәдениет және спорт министрлігі және депутаттар, қоғам қайраткелері, спортшылар арқылы осы мәселені саралайтын боламыз. Яғни, әр өңірде жақсы дамып жатқан спорт түрлерін жеке қарастырамыз. Бұл жеңіл атлетика немесе басқа да спорт түрлері болуы мүмкін. Мысалы, ОҚО-да ескек есу бар. Универсиада кезінде фристайлдан Алдабергенова, Арапбаева, Карпек, Бағланов есімді спортшылар жақсы өнер көрсетті. Олар оңтүстік өңірден.

    Яғни, өңірдің спорттан нақты жетістіктері болса, сала дамып жатса, ол спорт түрін саралау тізіміне қосамыз», — деп түйіндеді сөзін министр.

    Ақпарат көзі: Baq.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.