Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыстық Аналар кеңесінің отырысы өтті
    Жаңалықтар

    Облыстық Аналар кеңесінің отырысы өтті

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2017293 Views

    Сәрсенбі күні облыстық «Қоғамдық келісім» КММ-да Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті.  Іс-шараға ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облысымыздың қала, аудандарындағы Аналар кеңесінің төрайымдары қатысты. Кеңес отырысында алдымен Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауының маңыздылығы сөз болды. Сондай-ақ, Аналар кеңесінің 2016 жылы атқарған жұмыстары сараланып, осы жылғы міндеттер белгіленді.
    Кеңес төрайымы Балқия Көмекбаеваның айтуынша облысымыздың қала, аудандарында 202 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Оған 1 100-ден астам ардақты аналар мүше болып табылады.
    Аналар кеңестері өткен жылы отбасылық құндылықтарды жаңғырту, аналардың ұрпақ тәрбиесіндегі жауапкершілігін нығайту арқылы қоғамдық келісім мен ел бірлігін қамтамасыз ету бағытында 494 іс-шараның өтуіне ұйтқы болған. Солардың ішінде «Әлем. XXI ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында ұйымдастырылған «Ақ oрамал» республикалық акциясын, ана мен баланың құқығын қорғау, зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жоғары және орта арнаулы оқу орындары мен мектептерде тұрақты өткізілген семинар-тренингтерді ерекше айтып өтуге болады.
    Басқосуда Шымкент қалалық №3 емхананың бас дәрігері Мадина Көкенова жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің, аборт жасатудың, жыныстық жолмен жұғатын аурулардың белең алып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, бұл бағытта бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығына тоқталды.
    Жиын соңында қоғамдық шараларға белсене араласып жүрген ардақты аналарға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібековтың алғыс хаты табыс етілді. Сондай-ақ, барша қатысушыларға 14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай кітап тарту етілді.

    «Қоғамдық келісім» КММ-ның баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.