Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Дариға Назарбаева азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа тәсілін ұсынды
    Жаңалықтар

    Дариға Назарбаева азық-түлік бағасын төмендетудің жаңа тәсілін ұсынды

    Айғақ медиаАйғақ медиа16.02.2017163 Views

    15 ақпанда Парламент Сенатында Дариға Назарбаева бастаған Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен кездесті.

    Д.Назарбаева Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауындағы басым бағыттардың бірі агроөнеркәсіп кешенін дамыту екеніне кездесуге қатысушылардың назарын аударды, деп жазады Қазақпарат.

    Азық-түлік қауіпсіздігінің индексіне сәйкес, (The Global Food Security Index) Қазақстан 2016 жылдың қорытындысы бойынша рейтингке қатысқан 113 елдің арасында 68 орынды (2015 жылы 109 елдің ішінде 56 орында болды) алған болатын.

    Ауыл-шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қ.Айтуғанов елдің азық-түлікке сұранысын отандық өндіріс есебінен қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау шаралары туралы сенаторларды хабардар етті. Баяндамашы негізгі азық-түлік тауарларымен ішкі нарықты қамтамасыз ету жағдайы 80 пайызды құрайтынын атап өтті.

    Бұл ретте күріш, қой еті, жұмыртқа, астық, нан, арпамен 100 пайыз қамтамасыз етілуде. Ішкі нарықтағы ет те (құс етінен басқа) импортқа тәуелді емес. Сонымен бірге отандық өндірістің жекелеген өнімдері ішкі тұтыну барысында әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Ол – құс еті (51,8 пайыз), сары май (68,3 пайыз), ірімшік пен сүзбе (56,5 пайыз), күнбағыс майы (72,9 пайыз), колбаса өнімдері (58,7 пайыз), алма (58,0 пайыз), балық (65,5 пайыз).

    Сенаторлар С.Жақсыбеков, И.Адырбеков, Л.Киинов, М.Алтынбаев М.Көбенов, Г.Ким азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және агроөнеркәсіп кешені жұмысын жетілдіру жөніндегі өз ұсыныстарын айтты. Депутаттар ауыл шаруашылығы несиелерін тиімді пайдалану, отандық өнімдерді, ғылыми-зерттеу институттарының жұмысын қолдау, ауыл шаруашылығы саласын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

    Комитет төрағасы Д.Назарбаева азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына алаңдаушылық білдірді және «азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін заңды түрде шектеу қажет» екенін атап өтті.

    Ақпарат көзі: Naryk.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.