• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Маусым 16, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО әкімі ағын су мәселесі бойынша мемлекетаралық жұмысшы топтың өкілдерімен кездесті

15.02.2017
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ағын су мәселесі бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасында құрылған мемлекетаралық жұмысшы топтың өкілдерімен кездесті.

Бауырлас елдер арасындағы жұмысшы топ Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары арасында жасалған келісімге сәйкес құрылып, қос елдің қарым-қатынасын одан әрі ілгерілетуді және ағын су  проблемасын шешуді көздейді.

Екі жақты кездесуге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Е.Нысанбаев, осы министрліктің Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев, Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрінің орынбасары Ш.Хамраев,  Өзбекстан Республикасы «Госводхознадзор» мемлекеттік инспекциясының бастығы Н.Эрназаров бастаған ресми өкілдер қатысты.

Кездесу барысында сөз алған облыс әкімі бұл басқосу көршілес жатқан екі мемлекетке де тиімді болатынына сенім білдірді.

«Екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыру және сауда айналымын жақсартуда біз әріптестік байланысты нығайтып келеміз. Бұл үлкен маңызға ие мәселе. Мен  жуырда Елбасының қабылдауында болып, онда Өзбекстан Республикасымен байланысымыздың жай-күйі жөнінде баяндадым. Елбасы бастамамызды қолдайтындығын айтып, шекаралас аймақ ретінде көрші елмен тығыз байланыста жұмыс істеуімізге кеңес берді. Осы орайда біз сауда-экономикалық, гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайта түсуіміз қажет. Бұл реттегі қарым-қатынасқа екі тарап та қызығушылық танытып отырғаны қуантады.  Екі тараптың бірлесіп шешуге тиісті мәселелері жетерлік. Бүгінгі жұмысшы топтың кездесуінде  қаралатын су ресурстарын игеру, ағын су мен таза ауыз су мәселелері оң шешімін табатынына сенімдімін»,-деді әкім.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасының Ауыл шаруашылығы және су ресурстары министрінің орынбасары Шавкат Хамраев екі ел арасын Сырдария өзені байланыстырып отырғанын жеткізіп, өзара ынтымақтастықты дамытуға қос ел де мүдделі екендігін жеткізді.

«Ағын суды игеру, су тасқынының алдын алу  екі тарапқа да ортақ мәселе.  Сондықтан осы түйткілдерді бірлесе шешугебар мүмкіндікті пайдалануымыз қажет. Бүгінгі кездесуіміздің маңыздылығы да ерекше. Екі ел арасындағы қарым-қатынас бұдан да алға ілгерілей беретіндігіне сенімдімін. Осы сәтті пайдаланып, сіздердің қонақжай көңілдеріңізге алғыс білдіремін»,-деді Ш.Хамраев.

Жұмысшы топтың бірінші кездесуі өткен жылдың желтоқсан айында көрші елде өткенін  атап өткен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы И.Әбішев сол кездесуде жұмысшы топтың екінші басқосуы Оңтүстік Қазақстан облысында өтеді деп шешілгенін жеткізді.

Оның айтуынша, бірінші жиында трансшекаралық өзендер мен каналдарды екі жаққа да тиімді тәртіппен пайдалану жайы қаралған. Яғни, алғашқы келіссөзде қос тарап «Достық», «Зах» және «Ханым», СТК, ВТК каналдарындағы бар суды соның бойында орналасқан суармалы жерлердің көлеміне сәйкес, пропорционалды түрде бөлу жөнінде келісімге келген.

Ал Оңтүстік өңірінде өткен бүгінгі кездесуде жұмысшы топ өкілдері трансшекаралық аймақта орналасқан Өгем өзенінен халықты таза ауыз сумен қамтуға мүмкіндік беретін ірі жобаны іске асыру жайын талқылады.

Екіжақты келіссөз оң шешімін тапса, 2020-2030 жылдар аралығында жер асты суы жоқ Сарыағаш, Қазығұрт аудандарымен қатар, Мақтаарал, Шардара аудандарын, яғни, 1 миллионға жуық тұрғынды таза ауыз сумен қамтуға болатын мега жоба қолға алынатын болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

«AMANAT» ПЕН «ӘДІЛЕТ» БІРІКТІ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

«AMANAT» партиясы мен «Әділет» партиясы бірікті. Тарихи шешім Астанада өткен «AMANAT» партиясының XXVI съезінде қабылданды. Делегаттар бұл бастаманы бірауыздан қолдап,...

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы...

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
15.06.2026
0

Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
12.06.2026
0

Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

БАЛАЛАР МҰНАЙ ЗАУЫТЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

«Петро Қазақстан Ойл Продактс» зауытында Балаларды қорғау күніне орай ашық есік күні өтті. Іс-шараға кәсіпорында еңбек ететін қызметкерлердің балалары қатысып,...

АҚЖАЙЫҚТА ЖАҢА ҮЙЛЕР ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

ХАЛЫҚҚА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІ ҰСЫНЫЛДЫ

Айғақ медиа
10.06.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы өтті. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған шарада 42 азаматқа тегін құқықтық кеңес пен заңгерлік көмек көрсетілді....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.