Оңтүстік Қазақстан облысының жедел-құтқару жасағының қызметкерлері 2017 жылғы 14 ақпанда 83 адамды, оның ішінде 3 баланы көшірді, және 29 техниканы шығарды. Құтқару операциялары Одаманбұлақ асуында «Ұланбел-Созақ-Екпінді» облыстық маңызы бар автожолында(577-623 км) жүргізілді. Дауылды алдын алу ескертулер жарияланса да, ол барлық адамды тоқтата алмайды екен. Адамдар барлық қауіп-қатерді түсінбей, берілген нұсқаулықтарға назар аудармайды.
Көктағақтан қар құрсауында қалған адамдарды Одаманбұлақ асуындағы жылыту бекетіне жеткізді. Жылынғаннан кейін көшірілгендер тазартылғ,ан автожолымен Шаян ауылына кетті, ал 6 жарамсыз техника жылыту бекетінде қалды.
«Оңтүстік жолдары» МКК 11техникасы мен 20 адам жолдарды тазарту және құм себу жұмыстарын атқарды.
Сонымен бірге 2017 жылғы 15 ақпанда сағат 02.20-да Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылдық округі, Майбұлақ ауылынан Шаян ауылындағы аудандық ауруханаға «соқырішек» диагнозымен 1965 ж.т. ер азамат, 1984 ж.т. жүкті әйел және «жүрек ауруы» диагнозымен 1970 ж.т. әйел жеткізілді.
Бәйдібек ауданынан 09-15 ақпан аралығында жалпы 120 адам көшіріліп, қар құрсауынан 41 техника шығарылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы