• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қазан 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

17.10.2026
0

Шымкентте көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы басталды. Байрақты бәсекеге Қазақстанның бірнеше қаласы мен Қырғыз Республикасынан да қатысушылар келген. Жалпы 400-ден астам жас спортшының арасынан өзара мықтылар анықталады. Биылғы жарыстың ерекшелігі — дүбірлі додаға әлемдік аренадағы танымал гимнастшы Яна Батыршина арнайы қонақ ретінде қатысты.

Шымкенттегі көркем гимнастикадан қала әкімінің кубогы 400-ден астам спортшының басын қосты. Жарысқа Шымкент, Тараз, Қызылорда қалаларынан және Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан келген гимнастшылар қатысуда. Турнирдің басты мақсаты — көркем гимнастиканы кеңінен насихаттау, жас спортшылардың шеберлігін арттыру. Сонымен қатар бұл дода қатысушыларға тәжірибе алмасып, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.

Салтанатты іс-шараға 1996 жылғы Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері Яна Батыршина мен Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова арнайы қатысты. Қазіргі таңда Яна Батыршина Қазақстанға арнайы келіп, көркем гимнастика туралы бағдарламасына түсірілім жүргізіп жүр. Ол гимнастиканың қыр-сырын, спортшылардың дайындық барысын және  чемпиондардың бүгінгі тыныс-тіршілігін көрсетуге ниетті. Танымал спортшы жас гимнастшылардың өнерін тамашалап, олардың талантына жоғары баға берді. Сондай-ақ қыздарға өз күшіне сеніп, армандаудан ешқашан шаршамауға кеңес берді.

Бүгінде қаладағы  №9 көркем гимнастикада мектебінде 400-ден астам спортшы жаттығады. Оларға 38 жаттықтырушы мен хореограф бағыт-бағдар беріп, кәсіби шеберліктерін шыңдауға көмектеседі. Ал бүгінгі жас гимнастшылар көркем гимнастиканың өздеріне ерекше ұнайтынын айтады. Олардың пікірінше, жарыстағы ең қиын қарсылас — өзің, өйткені әрбір жаттығуда өзіңді жеңіп, кешегіден де жақсы нәтиже көрсету маңызды.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатына қатысатын Шымкент қаласының құрама командасы жасақталады. Ал жас спортшылар үшін бұл дода — арманға бір қадам жақындап, өз мүмкіндігін дәлелдейтін маңызды белес.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСЕМДІК ПЕН ШЕБЕРЛІК САЙЫСЫ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕР МЕН ЗАМАНАУИ СӘН ТОҒЫСТЫ

Айғақ медиа
17.10.2026
0

Шымкентте сән, ұлттық нақыш пен кәсіпкерлікті бір арнаға тоғыстырған TERRA көрмесі басталды. Үш күнге жалғасатын ауқымды  шара отандық брендтер мен...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ОТАНҒА АДАЛДЫҚ – ҰРПАҚҚА АМАНАТ: ӘСКЕРИ ТӘРБИЕНІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Сабыр Рахымов атындағы әскери колледжде алғаш рет 105 кадет Әскери ант қабылдап, ел алдындағы жауапкершілігін сезінудің маңызды қадамын жасады Шымкент...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

 «ТАРТЫЛ FEST»: ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Шымкенттегі «Арбат» аллеясы спортсүйер қауымның басын қосқан алаңға айналды. Мұнда жастар арасында воркаутты дәріптеп, бұқаралық спортты дамытуға бағытталған «Тартыл FEST»...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Қазақстан-Венгрия бизнес-форумында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, технология тарту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Экономиканы әртараптандыру, шетелдік инвестиция тарту және...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бой көтерген кешен мүгедектігі бар азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік береді....

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

АНАЛАР МЕН НӘРЕСТЕЛЕР ДЕНСАУЛЫҒЫНА АРНАЛҒАН ІРІ ЖОБА

Айғақ медиа
16.10.2026
0

Ана мен баланың денсаулығын қорғау – денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Әсіресе халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Шымкент...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.