Қариялар сайысқа түсіп,бақ сынады. 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай қарттар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды.Аға буын өкілдері бильярд, үстел теннисі, дойбы және шахматтан бақ сынап, спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасып, Аталмыш мейрамды көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды.«Белсенді ұзақ өмір орталығы» қарияларымызға белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Мұнда зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және шығармашылық әрі зияткерлік қабілеттерін дамытуына жағдай жасалған. Іс-шараны «Әділет» партиясы Тұран аудандық филиалы ұйымдастырып, спорттық әр түрінен сынға түсіп, жеңімпаз атанған ақсақалдар мен әжелерімізге арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтар табыстады.
Бүгінде орталықтың төрт ғимаратында спорттық, шығармашылық және зияткерлік бағыттағы үйірмелер мен секциялар жұмыс істейді. Күн сайын мұндағы қызметтерді орта есеппен 800-ге жуық зейнеткер пайдаланады. Айта кетейік,мекеме 2019 жылы «Асыл жүрек» әлеуметтік-медициналық орталығы ретінде құрылған. Ал 2021 жылдан бастап қазіргі атауымен жұмыс жасап келеді.Спорттық дода қорытындысында әр бағыт бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталып, ақшалай сыйлықтар табысталды..Мұндай басқосулар аға буынның белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың қоғам өміріне араласуына және ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді.










