ТІЛЕНШИН КӨШЕСІНДЕГІ ӨТКЕЛ АШЫЛДЫ
Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Қажымұқан атындағы орталық стадион алды ерекше мерекелік көңіл-күйге бөленді. Мұнда Азия ойындарының қос алтын жүлдегері Софья Берульцеваны жақындары, жаттықтырушылары, спортшылар мен жанкүйерлері арнайы қарсы алды. Қолдарына көк ту ұстап, гүл шоқтарын ұсынған жұрт чемпионға ақжолтай тілектерін жеткізді. Ал қала әкімінің орынбасары спортшыны айтулы жеңісімен құттықтап, Шымкенттің абыройын асқақтатқан жетістігі үшін алғысын білдірді.
Софья Берульцева Жапонияның Айти–Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында +68 келі салмақта сынға түсті. Ол шешуші кезеңге дейін Сауд Арабиясының өкілін 9:6, жартылай финалда Непал спортшысын 2:1 есебімен жеңді. Ал финалда Таиланд өкілін 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, алтын медальға қол жеткізді. Осылайша шымкенттік спортшы Азия ойындарында қатарынан екінші рет чемпион атанып, өзінің жеңісті жолын жалғастырды.
Бұған дейін чемпион Токио Олимпиадасының қола жүлдегеріде атанған. Чемпионның ендігі мақсаты – ересектер арасында әлем чемпионы атану үшін бар күшін салып дайындалу.
Татами шеберін жанкүйерлері арнайы құттықтап, ақ тілектерін жеткізді. Жеңімпазбен бірге естелік суретке түсуге асыққан жұрт чемпионға деген ыстық ықыласын білдірді. Азия төрінде көк туымызды көкке көтерген саңлақтың бұл жеңісі қала спортының дамып келе жатқанын көрсетеді.Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі пайдалануға беріліп, алғашқы көлік қозғалысы басталды. Бұған дейін пойыздардың жиі жүруіне байланысты теміржол өткелі жабылып,...
Шымкенттегі №2 көпбейінді ауруханаға 80 орындық жаңа корпуспен толығады. Нысанның құрылыс алаңында арнайы капсула салу рәсімі өтті. Жаңа корпус іске...
Шымкентті айналып өтетін 50 шақырымдық жаңа жолдың құрылысы басталды. Төрт жолақты магистраль транзиттік көліктерді қала орталығына кіргізбей, негізгі бағыттарға тікелей...
Шымкентте медицина саласындағы тағы бір ірі жоба қолға алынды. Shymkent City шағынауданында ауысымына 500 келушіге қызмет көрсететін жаңа емхананың құрылысы...
Шымкентте ана мен балаға көрсетілетін медициналық көмектің әлеуетін арттыратын жаңа нысан бой көтеріп келеді. Ақжайық шағынауданындағы 200 төсек-орынға арналған перинаталдық...
Тұрғын үй, цифрландыру, абаттандыру, жылу жүйесін жаңғырту және өндірісті дамыту бағыттарындағы жұмыстардың барысы сараланды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жұмыс...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.