Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕР ЖҰМАҒАЛИ ИСМАИЛОВ ҮНДІСТАННЫҢ АРНАЙЫ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДӘРІГЕР ЖҰМАҒАЛИ ИСМАИЛОВ ҮНДІСТАННЫҢ АРНАЙЫ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа21.08.202642 Views

    Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында (АКҚА) профессор Жұмағали Исмаиловтың командасы үндістандық инвестормен бірлесіп, жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің санын 2-ден 31-ге дейін арттырды. Бұл жөнінде Kazinform агенттігі хабарлады. Үндістан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Й.К.Сайлас Тангал медицина ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Исмаиловқа ерекше еңбегі мен Қазақстандағы үнді диаспорасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапат тапсырды. Салтанатты рәсім Үндістан тәуелсіздігінің 80 жылдығына орай өтті.

    Жұмағали Исмаило в 2009-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан, қазіргі Түркістан облысы ның денсаулық саласын басқарған болатын.

    Соңғы алты жыл бойы үндістандық мамандар Қазақстанның медициналық білімі мен денсаулық сақтау саласын дамытуға атсалысып келеді. Осындай ынтымақтастықтың жарқын үлгісі — мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясындағы АККА дамуы. Жекеменшік серіктес — профессор Жұмағали Исмаиловтың басшылығындағы компания — аурухананы жаңғыртуды, заманауи технологияларды енгізуді, материалдық-техникалық базаны нығайтуды және кадрлық әлеуетті дамытуды өз мойнына алды.

    Жоба нәтижелері АККА-дағы жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін 2-ден 31-ге дейін көбейтуге мүмкіндік берді. Бүгінде аурухана бұл көрсеткіш бойынша Қазақстандағы көшбасшылар қатарына кіреді.

    Келесі кезең — МЖӘ шеңберінде жаңа заманауи медициналық кешен салу. Жекеменшік серіктестің инвестициясы шамамен 11 млрд теңгені құрайды. Қаражат құрылысқа, инфрақұрылымды дамытуға және нысанды заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жарақтандыруға бағытталады.

    — Біз үшін медицинаны дамыту — ең алдымен адамдардың денсаулығына, кәсіби кадрларға және заманауи технологияларға салынған инвестиция. Біз өңір тұрғындарының облыс аумағынан шықпай-ақ жоғары деңгейдегі медициналық көмек алуына ұмтыламыз, — деп атап өтті Жұмағали Исмаилов.

    Үндістан — қолжетімді медицина, фармацевтика және медициналық туризм саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі. Медициналық технологиялардың жоғары деңгейімен қатар емдеудің тиімді бағасы бұл елді шетелдік пациенттер үшін сұранысқа ие бағытқа айналдырды.

    Профессор Исмаиловқа берілген марапат денсаулық сақтау саласындағы қазақстандық-үндістандық ынтымақтастықты нығайтудың нышаны болды. Бұл әріптестік тек тәжірибе алмасумен шектелмей, нақты инвестициялар тартып, медициналық инфрақұрылымды дамытуда, заманауи технологияларды енгізуде және жоғары технологиялық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде өз көрінісін табуда. Бұл жұмыстың басты нәтижесі — Алматы өңірінің тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.