• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қазан 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ИРРИГАЦИЯ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ

18.08.2026
0

 

Әл-Фараби ауданында жауын-шашын кезінде су жиналып, ирригациялық жүйелердің дұрыс жұмыс істемеуі тұрғындарды алаңдататын өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе жыл сайын қайталанып, кей көшелерде жаңбырдан кейін жүріп-тұру қиындайтын. Негізгі себептердің бірі – арық-атыздардың уақытылы тазаланбауы және ирригациялық жүйелердің талапқа сай болмауы. Мәселені шешу мақсатында биыл бірқатар көшеде жаңа арық жүйелерін салу жұмыстары қолға алынған. Қазір 11 көшеде жұмыс толық аяқталса, тағы 3 көшеде құрылыс жалғасып жатыр.

Әл-Фараби ауданында бүгінде 17 шағын аудан және 1 елді мекен бар. Мұнда 262 мыңнан астам тұрғын тұрады. Аудан аумағында инфрақұрылымды жақсарту бағытындағы жұмыстар жыл сайын жалғасып келеді. 2025 жылы 113 көшеге асфальт төселіп, жол жабындары жаңартылды. Ал биыл тозығы жеткен 49 көшені жаңарту жоспарланған. Қазіргі таңда оның 30-ында асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталып, 3 көшеде жұмыс жалғасуда.

Ирригациялық жүйелерді жаңарту да назардан тыс қалған жоқ. 2025 жылы аудан аумағындағы 17 көшеге арық жүйелері орнатылды. Биыл тиісті басқарма тарапынан тағы 27 көшеде ирригациялық арық жүйесін салу жоспарланған. Сонымен қатар, «Әл-Фараби» КММ тарапынан 32 мекенжайда арық жүйесін салу көзделген. Бүгінде 11 көшедегі жұмыстар толық аяқталды.

Тұрғындар көп жылдан бері көтеріп келген мәдениет үйі мәселесі де шешімін тапты. Бұл мәселе қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің тұрғындармен көшпелі кездесуінде көтеріліп, тиісті тапсырмалар берілген болатын. Тапсырмалардың нәтижесінде және демеушілердің қолдауымен 11,6 сотық жер телімінде жаңа мәдениет үйі бой көтерді. Нысанның құрылысын «BKN GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Құрылыс жұмыстары 2026 жылғы 10 сәуірде басталып, небәрі екі ай ішінде толық аяқталды.

Ал тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Биыл модернизация бағдарламасы аясында аудан бойынша 23 көпқабатты үй қамтылған. Қазіргі таңда оның 16-сында жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған 7 үйде жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, реновация жобасы аясында биыл 4 мекенжайда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осылайша, Әл-Фараби ауданында инфрақұрылымды жаңарту, жол сапасын жақсарту, ирригациялық жүйелерді ретке келтіру және тұрғын үй қорын жаңғырту жұмыстары қатар жүргізілуде. Негізгі мақсат – аудан тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ЗАҢДЫ БІЛГЕН – ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАЙДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» акциясы тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетті Қоғамдағы тұрақтылық пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде заңның үстемдігі айрықша мәнге...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

ҰЛТ ӨНЕГЕСІ ҰРПАҚПЕН ЖАЛҒАСАДЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Қазақтың дәстүрлі қолөнері – халқымыздың тұрмыс-тіршілігін ғана емес, тұтас дүниетанымын, эстетикалық талғамын, өмір салтын танытатын рухани мұра. Соның ішінде киіз...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА ДЕМ БЕРГЕН ӨТКЕЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкент – аумағы кеңейіп, халқының саны артып, экономикалық әлеуеті күшейіп келе жатқан ірі мегаполис. Қаланың даму қарқыны артқан сайын оның...

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

ҚАЛА ҚАРҚЫНЫ – ҚҰРЫЛЫСТАН ЕМЕС, ЖАЙЛЫЛЫҚТАН КӨРІНЕДІ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

  Шымкентте жол, медицина және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту жұмыстары қатар жүруде. Шаһардың дамуын жаңа ғимараттар мен жолдардың санымен ғана...

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

ТАЗА АУА – МЕГАПОЛИСТІҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте экологиялық ахуалды жақсарту және ауа сапасын бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Қаланың өркендеуі тек жаңа ғимараттар мен жолдардың, өндіріс орындары...

АЗИЯДАДАҒЫ АЛТЫН: РИНГТЕГІ РУХ, КІЛЕМДЕГІ ҚАЙРАТ

КӨЛІК КАРТАСЫН ӨЗГЕРТЕТІН ЖАҢА ЖОЛ

Айғақ медиа
07.10.2026
0

Шымкентте қаланың көлік-логистикалық жүйесін жаңа деңгейге көтеретін ауқымды жоба қолға алынды. Қала аумағын айналып өтетін ұзындығы 50 шақырымдық жаңа автожолдың...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.