• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Маусым 22, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚОҒАМ САҚШЫЛАРЫНА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ

22.06.2026
0

23 маусым — Қазақстан полициясы күні. Бұл мереке – құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігі мен ерлігіне, Отан мен халыққа адал қызмет етудің үздік дәстүрлеріне көрсетілген құрмет. Бұл дәстүрлерді қоғамдық тәртіпті қорғаушылардың талай буыны қалыптастырды. Қазақстан полициясының қалыптасу тарихы еліміздің даму тарихымен тығыз байланысты. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап құқық қорғау органдары қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күресу бағытында мемлекет басшылығы жүктеген міндеттерді абыроймен атқарып келеді.

Мен әр жылдары аудандық және облыстық деңгейде басшылық қызметтерде, облыс әкімі, орталық мемлекеттік органдардың жетекшісі ретінде қызмет атқара жүріп, құқық қорғау органдарының жұмысымен жиі бетпе-бет келдім. Сол баға жетпес тәжірибе мен білім 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен Ішкі істер министрі болып тағайындалған кезде үлкен пайдасын тигізді. Бұл – Мемлекет басшысының маған артқан зор сенімі еді. Ал мұндай сенім үлкен жауапкершілікті, жанкешті еңбекті және нақты нәтижелерді талап етті.

Алдымызға Ішкі істер министрлігінде түбегейлі реформалар жүргізу, халықтың осы маңызды мемлекеттік құрылымға деген сенімін арттыру міндеті қойылды.Нұрсұлтан Әбішұлының тікелей қолдауымен екі жыл ішінде қазақстандық полицияны реформалау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сол өзгерістердің оң әсері бүгінгі күні де сезіліп келеді. Ол кезеңде енгізілген көптеген жаңашылдықтарды ТМД елдерінің кейбірі өздерінің құқық қорғау жүйелерін реформалау барысында қолдануда.

Алғашқы кеңестердің бірінде азаматтардың барлық өтініштері мен арыздарын толық тіркеуді талап еттім. Бұған дейін құқық қорғау органдарында қылмыстың ашылу пайызына ерекше мән берілетін. Соның салдарынан кейбір полиция қызметкерлері барлық қылмыстарды тіркей бермейтін. Азаматтар арызбен келген кезде оларды тіркеуден бас тартудың түрлі жолдары қарастырылатын. Мысалы, сіздің сиырыңызды ұрлап кетсе, полицияға барып арыз жазасыз. Бірақ арызыңызды тіркемей, керісінше «малға дұрыс қарамағансыз» деп өзіңізді кінәлайды. Мұндай жағдайда полицияға деген сенім мен құрметтің жоғалатыны анық.

Ал егер арызыңыз тіркеліп, қылмысты ашу үшін барлық шаралар қолданылса, тіпті қылмыс ашылмай қалған күннің өзінде халықтың наразылығы әлдеқайда аз болады.Осылайша есепке алу және тіркеу тәртібін күшейту нәтижесінде бір жылдың ішінде тіркелген қылмыстар саны 27 пайызға артты. Көпшілік мұны жағымсыз құбылыс ретінде қабылдады. Алайда шын мәнінде полиция халық алдында 27 пайызға адал бола түсті.

Сонымен қатар ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуына қатаң бақылау орнатылды. Олардың ашылу деңгейі 80 пайыз шамасында болды. Пәтер ұрлығы, мал ұрлығы және ұялы телефон ұрлығы бойынша арнайы үш бағдарлама қабылданып, іске асырылды. Себебі бұл қылмыстар барлық тіркелген құқық бұзушылықтардың жартысынан астамын құрайтын.

Учаскелік полиция инспекторлары қызметінде де елеулі реформалар жүргізілді. Бұл – халықпен тікелей жұмыс істейтін полицияның негізгі буыны. Қоғамның полиция туралы пікірі көбіне осы қызметкерлердің жұмысы арқылы қалыптасады. Ел бойынша 5500 учаскелік аумақ белгіленіп, әр инспекторға түсетін жүктеме оңтайландырылды. Қосымша 3500 көмекші лауазымы енгізілді. Олардың жалақысы үш есеге дейін көтерілді. Кейіннен Президент Жарлығына өзгерістер енгізіліп, учаскелік инспекторлардың жоғары еңбекақысы заңдастырылды.

Сонымен бірге учаскелік инспекторлар қызметтік автокөлікпен қамтамасыз етілді. Қызметтік пәтер беру тәжірибесі енгізіліп, оны 10 жыл адал қызмет еткеннен кейін жеке меншікке алу мүмкіндігі қарастырылды. Учаскелік инспекторлардың халық алдында есеп беру тәжірибесі енгізілді. Осының нәтижесінде кадр тұрақтылығы артып, бұл қызметтің беделі көтерілді. Консьерждер институты да белсенді түрде дами бастады. Олар учаскелік инспекторлардың сенімді көмекшісіне айналды. Кейбірі ерікті негізде жұмыс істесе, енді бір бөлігі қоғамдық жұмыстар қоры арқылы жалақы алып отырды. Консьерждер тұрғындардың жалпы жиналысында сайланып, арнайы куәлік алды.

Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Реформа аясында пилоттық жоба ретінде үлгілі аудандық ішкі істер бөлімдері құрылды. Бұл жобаның мақсаты – ғимараттарды жөндеу, жұмыс орындарын толық жабдықтау, жеткілікті автокөлік, тұрғын үй және компьютерлермен қамтамасыз ету болатын.

Алғашқы осындай үлгілі аудандық бөлім Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал аудандық ішкі істер бөлімінің базасында құрылды. Тек 2004 жылдың өзінде еліміз бойынша 40-қа жуық үлгілі аудандық бөлім ашылды. Онда қарапайым полиция қызметкерлері лайықты еңбек жағдайына ие болды. Оперативтік басқару орталықтарын заманауи техникамен жабдықтау жалғастырылды. Қазақстанда алғаш рет жол қозғалысы ережелерін бұзуды бейнекамералар арқылы тіркеу жүйесі енгізілді.

«Сұңқар» арнайы бөлімшесінің материалдық-техникалық базасының әлсіздігін ескере отырып, сол кездегі Премьер-Министр Даниал Ахметовке бөлімшенің жұмысымен танысуды өтіндім. Нәтижесінде бөлімше жаңа ғимаратқа, жатақханаға, қызметтік пәтерлерге ие болып, заманауи техникамен толық жабдықталды. Қызметкерлердің жалақысы 3-4 есеге өсті. Облыстық деңгейдегі барлық ішкі істер департаменттерінде халыққа қызмет көрсетудің «бір терезе» қағидаты енгізілді. Бұл жүйе халықаралық стандарттарға сай ұйымдастырылды.

Реформалар барысында кадрлық саясатқа ерекше көңіл бөлінді. Ішкі істер органдарының басшы құрамына кешенді аттестаттау жүргізілді. Бұл олардың кәсіби әлеуетін бағалауға және реформалардың мәнін түсіндіруге мүмкіндік берді. Аттестаттаудан 300-ден астам басшы өтті. Үздік нәтиже көрсеткендер кадрлық резервке енгізіліп, кезектен тыс атақтар мен жоғары лауазымдарға ұсынылды.

Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиевпен жасалған келісім нәтижесінде Қазақстан ІІМ оқу орындарының үздік курсанттары Мәскеу ІІМ университетіне, Волгоград тергеу мектебіне және Омбы жоғары мектебіне оқуға жіберілді.Кейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде Мәскеу ІІМ университеті түлектеріне диплом табыстау рәсіміне қатыстым. Сол жылы үздік диплом алған 20 түлектің 11-і қазақстандық жастар болды. Бұл біздің жастардың қабілеті мен дұрыс жүргізілген іріктеудің нәтижесі еді. Алғаш рет жол полициясына қызметкерлерді конкурстық негізде қабылдау жүйесі енгізілді. Нақты біліктілік талаптары мен ашық іріктеу тәртібі белгіленді.Функционалдық талдау мен балдық бағалау жүйесі негізінде полиция қызметкерлерін ынталандырудың жаңа тәсілдері енгізілді. Штаттарды оңтайландыру мен шығындарды қысқарту есебінен үздік қызметкерлерге 2-3 айлық жалақы көлемінде сыйақылар төленді.

Кеңес дәуірінен бері алғаш рет полиция қызметкерлерінің формалық киімі толық жаңартылды. Бұл жұмысқа белгілі қазақстандық дизайнерлер тартылды. Жаңа форма заманауи, ыңғайлы және еліміздің климаттық ерекшеліктеріне бейімделген болды. Осы екі жыл Ішкі істер министрлігінің тарихындағы ерекше кезеңдердің бірі болды деп есептеймін. Кез келген реформа оңай жүзеге аспайды, оның нәтижесі уақыт өте келе айқындалады. Бүгінде арада жылдар өткен соң, сол реформалардың дұрыс бағытта жүргізілгеніне және тиімді болғанына көз жеткізіп отырмыз.

Бұл – сол кезеңдегі барлық ІІМ қызметкерлерінің ортақ еңбегі. Ол кезде басталған көптеген игі бастамалар бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Осы орайда барлық ардагерлер мен ішкі істер органдары қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, отбасы амандығын, толағай табыс пен ел игілігі жолындағы абыройлы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!

Зауытбек Тұрысбеков
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары,
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (2003–2005 жж.)

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

8 АЙҒА ЖАЛҒАСҚАН ЛИГА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

400 САРБАЗ ӘСКЕРГЕ АТТАНАДЫ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Бірі – шекараны күзетеді, енді бірі – тілсіз жаумен күреседі. Шымкенттен тағы бір топ жас сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге...

8 АЙҒА ЖАЛҒАСҚАН ЛИГА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

8 АЙҒА ЖАЛҒАСҚАН ЛИГА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Сегіз айға созылған тартысты дода аяқталды. 147 мектептен келген 5 мыңнан астам оқушы бақ сынаған жастар лигасы өз мәресіне жетті....

100 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

100 ОТБАСЫНЫҢ ҚУАНЫШЫ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Шымкентте 100 отбасы ескі үйден жаңа баспанаға қоныс аударды. Көптен күткен қоныстойдың қуанышын сезінген тұрғындар жаңа пәтердің кілтін қолына алды....

ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ЖОЛ

СӘБИЛЕР САУЛЫҒЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Жаңа туған нәрестелердегі инсульт пен неврологиялық ауруларды ерте анықтау қаншалықты маңызды? Ал олардың салдарын азайту үшін қандай заманауи тәсілдер қолданылады?...

ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ЖОЛ

ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ЖОЛ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Шымкенттік екі оқушының 4 жылдық еңбегі халықаралық аренаға жол ашты. Олар жүздеген қатысушы бақ сынаған республикалық робототехника олимпиадасында үздіктер қатарынан...

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ

ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫР ДОДАСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.06.2026
0

Сөз барымтасының саңлақтары Шымкентте бас қосты. Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Шырайлы, шежірелі, құтты мекен» атты республикалық ақындар айтысында еліміздің...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.