Шымкентте ішкі істер органдарының есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Полиция департаменті мен Мансап орталығы ұйымдастырған шара барысында 200-ге жуық адам жұмысқа орналасу бойынша кеңес алып, жұмыс берушілер ұсынған бос орындармен танысты. Мамандар қатысушыларға лайықты жұмыс таңдауға көмектесіп, кәсіби оқыту мүмкіндіктерін түсіндірді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар азаматтарды әлеуметтік бейімдеуге, тұрақты табыс табуына және құқық бұзушылықтың алдын алуға ықпал етеді.
ҚАУІПТІ ДРИФТ ҚАМАУМЕН АЯҚТАЛДЫ
Шымкентте жол қозғалысына қауіп төндірген екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында қос темір тұлпардың жүргізушілері қалың...










