Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау ауданының 2025 жылғы атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларыкеңінен талқыланды. Бүгінде ауданда инфрақұрылым, ауыз су, жарық жәнеинвестиция тарту бағытында жүйелі жұмыстар қолға алынған.
Аумағы 19 мың 500гектарды құрайтын Қаратау ауданында 19 елді мекен орналасқан. Аудан әкімініңайтуынша, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту бойынша 2025 жылы бірқатарауқымды жұмыстар жүзеге асырылған. Бүгінде ауыз сумен қамту көрсеткіші 99пайызға жеткен. 2026 жылы бұл көрсеткішті толық 100 пайызға жеткізу мақсатында3 елді мекенге ауыз су жүйесін қосу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпыинфрақұрылымды дамыту ауданның басты басымдықтарының бірі.
Аудан көлемінде жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру жәнеабаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Сонымен қатар, санитарлық тазалықпен көгалдандыруға ерекше мән берілген. Электр жарығымен қамту деңгейі 99пайызды құрап отыр. Қазіргі таңда бір елді мекенді жарықпен қамту бойыншақұрылыс жұмыстары басталса, ал тағы бір елді мекенге электр желісін тарту үшінжобалық-сметалық құжаттар әзірленіп жатқан көрінеді. Биыл аудан аумағында 94 нысанның құрылысы қолға алынған. Бұл жобалар1800-ге жуық адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Жылдың алғашқы үш айындақұрылыс саласына 4,2 млрд теңге инвестиция тартылған. Жыл соңына дейін қосымша50 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланып отыр.