Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Үкімет Президент тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар әзірледі
    Жаңалықтар

    Үкімет Президент тапсырмаларын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар әзірледі

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.02.2017331 Views

    Үкімет отырысында ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген даму басымдықтарын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар ұсынылды, деп хабарлайды primeminister.kz

    Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов бірінші басымдық – жеделдетілген технологиялық жаңғыру аясында цифрлық индустрияны, экономиканың негізгі салаларының технологиялық қайта жарақталуын дамытуға бағытталған 19 шара қарастырылғанын баяндады, оның ішінде төртінші өнеркәсіптік революция, инвестиция тарту, көлік инфрақұрылымын дамыту, сонымен қатар ғылыми әлеуетті дамыту бар.

    Жобада «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, Елдің экспорттық-инвестициялық стратегиясы, АӨК мемлекеттік бағдарламасының қабылдануы тәрізді жаңа бағдарламалық құжаттардың әзірленуі, сонымен қатар «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасына өзгерістер енгізу және өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту қарастырылған.

    Екінші басымдық – бизнес ортаны түбегейлі кеңейту және жақсарту аясында 18 шара қарастырылған, олар ең жақсы бизнес ортаны қалыптастыруға және мемлекеттің экономикаға қатысуын төмендетуге бағытталған. Аймақтық деңгейде жаппай кәсіпкерлікті дамыту, бизнестің барлық түрлері үшін шығындарды азайту бойынша шаралар кешені қабылданатын болады. Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша қалалар мен аймақтардың рейтингі енгізіліп, оларға арнайы сыйақы тағайындалады.

    Үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық аясында 11 бағыт қарастырылған, олар инфляцияны кезең-кезеңімен 3-4% дейін төмендетуге, банк секторын сауықтыруға, отандық қор нарығын жандандыруға, бюджеттік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.

    Төртінші басымдық аясында – адами капиталды дамыту бойынша 10 шара қарастырылған. Білім саласында оқу бағдарламалары жаңартылып, үш тілде білім беруге кезең-кезеңімен көшу қамтамасыз етіледі, еңбек нарығының талаптарына сәйкес кәсіптік стандарттар жаңартылады. Денсаулық сақтау саласында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін ақпараттандыру және бұл жүйені халық арасында түсіндіру бойынша жұмыстар атқарылады.

    Зейнетақы төлемдерін және баланың тууына берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшерін арттыру мақсатында әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша заңнамалық актілер қабылданады. Сонымен қатар, күнкөрістің ең төменгі деңгейі көлемінің құрылымы қайта қаралады.

    Бесінші басымдық – институттық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында 9 шара қарастырылған. Меншік құқықтарын қорғауды күшейту бойынша барлық заңнамаға ревизия жүргізіледі, ЭЫДҰ ұсыныстарын енгізу бойынша Жол картасы әзірленеді.

    Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған діни экстремизмге және терроризммен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламалар мен киберқауіпсіздік тұжырымдамасы әзірленеді.

    Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар саласында заңнаманы жетілдіру мақсатында орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай жүйесін енгізуді қарастыратын заң жобасы әзірленеді.

    Алдағы онжылдықта жаңа индустриялар мен жаңа өсім моделін құру үшін Қазақстанда Елдің жаңа технологиялық құрылымға көшуінің бірыңғай стратегиясы дайындалады. Осы мақсатта «Қазақстан 2025 – Ұлттық технологиялық бастама» Стратегиялық жоспары әзірленеді

    Ақпарат көзі: Baq.kz

     

     

     

     

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.