Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ЖАҢАРУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ
    Жаңалықтар

    ЖАҢАРУҒА ЖЕТЕЛЕЙТІН ЖОЛДАУ ЖАҢА МІНДЕТ ЖҮКТЕЙДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.02.2017224 Views

    Бүгін Қазақстан Республикасының Үкіметінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Жиынға министрлер мен облыс әкімдері, жалпы салаға жауапты жетекшілер қатысты.

    Күн тәртібінде ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында белгіленген даму басымдықтарын орындау бойынша жалпыұлттық жоспар ұсынылды.

    Ұлттық экономика министрі Т.Сүлейменов бес басымдықтан тұратын осынау жоспарды таныстырып, бірінші басымдық — жеделдетілген технологиялық жаңғыртылу аясында цифрлық индустрияны, экономиканың негізгі салаларының технологиялық қайта жарақталуын дамытуға бағытталса, екінші басымдық — бизнес ортаны түбегейлі кеңейту және жақсартуға арналатынын жеткізді. Министрдің сөзінше, үшінші басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық аясында жүзеге асырылса, төртінші басымдық – адами капиталды дамытуға, бесінші басымдық – институттық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталмақ.

    Өз кезегінде, сөз алған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Елбасының таяуда жариялаған Үндеуі мен Жолдауы бұл шешімнің еліміздің дамуындағы саяси маңызды парасатты қадам екеніне тоқталып, оны жүзеге асырудағы барлық басымдықтарды жоғары деңгейде атқару баршаның міндеті екенін жеткізді.

    «Бұл жаңғыру – қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына  бастайтын сенімді көпір болмақ», — деген пікір білдірді Ж.Түймебаев.

    Сонымен бірге, Үкімет отырысында ҚР Үкіметінің жұмыс жоспарының жобасы мен жер заңнамасына енгізілген өзгерістер жайы қаралды.

    Селекторлық отырыстан соң, облыс әкімі өңіріміздегі барлық аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына, сонымен бірге, салалық түрлі жетекшілерге осынау саяси құжаттардағы әрбір міндетті мерзімінде әрі сапалы орындау қажеттігін айтып, оның орындалу барысын өзі жіті бақылайтынын ескертті.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.