Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК
    Айғақ MEDIA

    2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.202580 Views

    Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған негізгі қаржылық бағыттарды жариялады.

    Министрдің айтуынша, 2026 жылы халықты әлеуметтік қорғауға 6,8 трлн теңге бағытталады. Бұл саладағы басты жаңалықтың бірі – әлеуметтік төлемдерді тағайындауда цифрлық тетіктерді енгізу және проактивті форматқа көшу. Оның айтуынша, бұл бастама адами факторды азайтып, бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге және көмек көрсету процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

    Денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы көлемі 2,7 трлн теңгені құрайды. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 107 млрд теңгеге артық. Министрдің сөзінше, бұл қаражат медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталады, — деді Такиев.

    Білім және ғылым саласына 2026 жылы 902 млрд теңге жоспарланып отыр. Бұл қаражат білім сапасын арттыру, дарынды жастарды қолдау және ғылыми орталықтарды дамыту сынды басым бағыттарды қамтиды. Сондай-ақ мәдениет, туризм және спортты дамытуға келер жылы 263,5 млрд теңге бөлінбек.
    Бюджет жобасында Мемлекет басшысының тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмалары да ескерілген. Осыған байланысты, мемлекеттік қолдау шараларына кешенді талдау жүргізіліп, 2026 жылы экономиканың өсіміне тікелей әсер ететін шығындар көлемі шамамен 1,2 трлн теңге көлемінде жоспарланған, — деп айтты Қаржы министрі Мәжілісте.

    Осы ретте нақты секторды дамытуға бағытталған қаражат көлемі 540 млрд теңгеге артып, жалпы сомасы 3,7 трлн теңгені құрамақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.