РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ — БАЛАБАҚШАДАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...
Биылғы Спартакиада сот жүйесінде еңбек етіп жүрген заң қызметкерлерінің арасындағы достық пен кәсіби байланысты нығайтып қана қоймай, спорт арқылы өзара түсіністік пен серіктестікті арттыруға бағытталған. Денсаулықты нығайту, ұжымдық рух қалыптастыру және белсенді демалысты насихаттау – осы бастаманың негізгі ұстанымдары. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы, Жоғарғы Сот пен жергілікті сот өкілдері, Шымкент қаласының әкімі сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тілеп, бұқаралық спорттың маңызына тоқталды.
Жарыстар спорттың тоғыз түрінен өтуде. Олар – шағын футбол, волейбол, арқан тарту, бильярд, үлкен теннис, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат және дойбы. Бұл сайыстар қатысушылардың физикалық дайындығын ғана емес, логикалық ойлау қабілеті мен шапшаңдығын да шыңдайды. Айта кетейік, биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен келген сот жүйесі өкілдерінен құралған 20 команда қатысуда. Әр команда өз өңірінің намысын қорғап, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетуде.
Судьялар одағының Спартакиадасы – тек спорттық жарыс емес. Бұл – әріптестердің жақынырақ танысуына, тәжірибе алмасуына, рухани байланысын нығайтуына жол ашатын маңызды алаң. Осындай игі дәстүрлер сот жүйесінің мәдениетін көтеріп, қызметкерлердің жан-жақты дамуына серпін береді. Қызу дода екі күнге созылады.Мемлекеттік Рәміздерді дәріптейтін маңызды күнді №73 «Айжан» бөбекжай бақшасы сүйіспеншілікпен атап өтті. Отанға деген махаббат балабақшадан басталады. 350 бала тәрбиеленіп...
Шымкент қаласының медицина қызметкерлері спартакиадада бас қосты. Ақ халатын спорттық киімге ауыстырған абзал жандар бұл жолы өзара спорт алаңында бақ...
Шымкент қаласы әкімінің халықпен көшпелі кездесуі бұл жолы Әл-Фараби ауданында өтті. Қала басшысымен жүздесуге келген тұрғындар көкейлерінде жүрген мәселелерді ашық...
Жаз мезгілінде балалардың уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін орындардың бірі – лагерь. Шымкент қалалық №2 Оқушылар сарайындағы «Қызық Life» жазғы...
Балаларды қорғау күні қарсаңында Шымкенттегі ерекше бүлдіршіндерге арналған мерекелік іс-шара өтті. Креатив хаб орталығында ұйымдастырылған кездесуде балаларға сыйлықтар табысталып, олардың...
Шымкентте биыл мыңнан астам тұрғын баспаналы болады. Қалада 32 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1200-ден аса пәтер ел игілігіне беріледі. Қазір...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.