Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Акронның өкілдері оңтүстіктің кәсіпорындарын аралайды
    Жаңалықтар

    Акронның өкілдері оңтүстіктің кәсіпорындарын аралайды

    Айғақ медиаАйғақ медиа07.02.2017232 Views
    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ресейлік «Акрон» компаниясы президентінің кеңесшісі Иван Антоновпен кездесті. Екі жақты кездесу барысында тараптар аталған компания мен Оңтүстік Қазақстан облысының арасындағы өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруды сөз етті.
    Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен оның әлеуетін таныстыра келіп, отандық және шетелдік инвестицияны өндіріске, ауыл шаруашылығы салаларына тарту мақсатында атқарылып жатқан  жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар әкім шетелдік инвесторларға еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар негізінде жеңілдіктер қарастырылғанын жеткізді.
    «Үш миллионға жуық  тұрғыны бар Оңтүстік  аграрлық аймақ саналады. Облыста соңғы жылдары өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласы жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Бұдан бөлек, тау-кен саласын игеруде де тәжірибеміз мол. Сондықтан бүгінгі кездесудің маңыздылығы ерекше», — деді Жансейіт Қансейітұлы.
    «Акрон» компаниясы президентінің кеңесшісі Иван Антонов Қазақстан мен Ресей елі арасындағы достық және экономикалық қарым-қатынастың жылдан жылға нығайып келе жатқанын айтты. Ол сондай-ақ «Акрон» компаниясының құрамына ресейлік ірі тау-кен байыту комбинаттары кіретіндігін  мәлімдеді. 1967 жылы құрылған кәсіпорын бүгінде Ресейдің бірқатар облыстарында минералды азот және фосфат тыңайтқыштарын өндірумен және күріш өсірумен айналысады.
    «Біздің компания минералды тыңаштқыштар әзірлейтін әлемдегі үздік кәсіпорындар қатарына жатады. Қазіргі таңда кен өндіріп, түрлі химиялық тыңайтқыштар шығарумен айналысатын  компанияда 12 мыңға жуық азамат еңбек етеді. Алдағы уақытта осы бағыттарда бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз. Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапарымыз сәтті аяқталып, келесі кездескенде ауқымды жобаларды іске асыруға келісім жасалатынына сенімдімін», — деді Иван Антонов.
    Ресейлік компания өкілдері іс-сапар барысында облысымыздағы индустрияалды аймақтағы  кәсіпорындардың  жұмысымен  танысады.
    Айта кетейік, Ресей Қазақстанның сауда саласындағы дәстүрлі ірі серіктесі болып саналады. Өзара тауар айналымның орташа жылдық көлемі шамамен 21 миллиард долларды құрайды. Бүгінде Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.