Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»136 «ЖАС ДАРЫН» МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ
    Айғақ MEDIA

    136 «ЖАС ДАРЫН» МЕКТЕП ТАБАЛДЫРЫҒЫН АТТАДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа01.09.2025214 Views

    Білім күні — барша оқушы мен ата-ана үшін ерекше мереке. Шымкент қаласында орналасқан «Жас Дарын» бастауыш мектебі де биылғы оқу жылын салтанатты түрде бастады. Жанарында толқыныс пен үміт оты маздаған 136 бүлдіршін “Жас Дарын” мектебіне қабылданды.

    Сынып жетекшісінің соңынан еріп, алғашқы қоңырау салтанатының төріне шыққан 1 сыныптың оқушылары үшін арнайы концерттік бағдарлама қойылып,  ұстаздар, ата-аналар ақ тілегін арнады. Бұл күні баламен қатар, әрбір ата-ана да толқыныс үстінде. Баласын алғаш мектепке жетектеп әкелген ата-ананың, әженің қуанышы мен жауапкершілігі сезіліп тұр.

       «Мектебім — мейірім мекені» тақырыбымен өткен салтанатты шараға ардагер ұстаздар арнайы шақырылды. Білгені мен түйгенін үйретуден еш жалықпайтын педагогика саласында табанды еңбек етіп, бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагерлер жылы лебіз білдіріп, алдағы оқу жылына толағай табыстар тіледі.

    Алғашқы қоңырау соғылды.

    Бүлдіршіндер жаңа өмір белесін бастап, ұстаздар үлкен жауапкершілікке кірісті. Ал ата-аналар үшін бұл күн – баласының болашағына жасалған алғашқы қадам. Заманауи талаптарға сай жасақталған Жас Дарын мектебінде балаға қажетті бар жағдай қарастырылған. Әр сынып бөлмесі жаңа құрал-жабдықпен жабдықталып, түрлі үйірмелер ашылған. Өйткені бұл – тек білім ошағы ғана емес, дарынды балалардың шығармашылығын шыңдайтын орта. «Жас Дарын» мектебінде бастау алған білім – олардың келешегіне жол ашып, үлкен арманға жетелейтіні сөзсіз.

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.