• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Тамыз 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ПОЛИЦИЯ БАҒАНАСЫ

20.08.2025
0

Интернеттегі есірткі жарнамасына тосқауыл: Шымкентте 1 200-ден астам ресурс бұғатталды

Есірткі қылмысының тамыр жаюына тек оны тікелей сататындар ғана емес, сонымен бірге желі арқылы насихаттап, тұтынуға итермелейтін ақпарат көздері де үлкен үлес қосуда. Әсіресе әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын жарнамалар мен жасырын хабарландырулар жастарды торына түсіріп, қылмыстық жолға жетелейді.

Мұндай зиянды мазмұнмен күресудің басты тәсілдерінің бірі – оларды уақытылы анықтап, бұғаттау. Осы мақсатта Шымкент қалалық Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы күнделікті интернет кеңістігін жіті бақылап, есірткі саудасы мен насихатына қатысты сайттар мен парақшаларды анықтауда.

Жұмысқа тек тәртіп сақшылары ғана емес, арнайы дайындықтан өткен кибер-еріктілер тобы да жұмылдырылған. Олар тәулік бойы мониторинг жүргізіп, күмәнді контентті құқық қорғау органдарына жолдайды.

Осы бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде биылғы жылдың жеті айында 1 243 заңсыз мазмұндағы интернет-ресурс — сайттар, әлеуметтік желі парақшалары және мессенджер арналары — анықталып, бұғаттау үшін ақпараттық жүйеге енгізілді.

Блоктау үдерісі бірнеше кезеңнен тұрады: алдымен күмәнді ресурс тіркеледі, кейін арнайы мамандар оны сараптап, заңға қайшы екені дәлелденген жағдайда ғана толық бұғаттау туралы шешім қабылдайды.

Құқық қорғау органдары мұндай жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруда. Мақсат — интернетті есірткі жарнамасынан тазарту және жастарды қылмыстық ықпалдан қорғау.

 

ДРОНМЕН БАҚЫЛАУ: «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ТАСТАУШЫЛАР АНЫҚТАЛДЫ

 

Шымкентте экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қаланы таза ұстау мақсатында «Таза қала» акциясы жалғасуда. Бұл шара аясында полицейлер күн сайын абаттандыру ережелерінің сақталуын қадағалап, заңсыз қоқыс тастау фактілерінің алдын алу үшін рейдтер өткізуде.

Рейд барысында дронның көмегімен рұқсат етілмеген жерге қоқыс төккен жүк көліктері анықталды. Әуе құрылғысы түсірген бейнематериалдар құқық бұзушыларды жедел әшкерелеуге мүмкіндік берді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, дрондар қолжетімсіз аймақтарды бақылауға, экологиялық заңбұзушылықтарды дер кезінде анықтап, олардың алдын алуға үлкен септігін тигізеді.

Анықталған құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері қала тұрғындарын абаттандыру ережелерін қатаң сақтауға шақыра отырып, тазалық пен тәртіп тек бірлескен күшпен қамтамасыз етілетінін еске салды.

 

ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН ӨРЕСКЕЛ БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІ 10 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ

Шымкент қаласында жол қозғалысы ережесін және қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған 20 жастағы автокөлік жүргізушісі полицейлердің бейнебақылау камералары арқылы анықталды.

Жас жігіт қозғалыс қарқыны жоғары көшелердің бірінде авариялық жағдай туғызып, өзге жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне қатер төндірген. Оның заңсыз қайта жабдықталған көлігінен қою түтін шығып, жолдағы көріну қашықтығын нашарлатқан және қозғалысқа қатысушыларға елеулі кедергі келтіргені белгілі болды.

Патрульдік полиция қызметкерлері құқық бұзушыны дереу тоқтатып, оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің бірнеше бабы бойынша хаттамалар толтырды. Сондай-ақ, ұсақ бұзақылық әрекеті үшін жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Оның көлігі айыппұл тұрағына қойылды.

Қалалық полиция басқармасы барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Қауіпсіздік — әр азаматтың ортақ жауапкершілігі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

БІР ҮЙДЕН 300 КГ ЕСІРТКІ ТАБЫЛДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Есірткі саудасы әлі де өзекті. Кезінде қолма қол саудада болса бүгінде бұл қылмыс түрі онлайн форматқа көшкен. Яғни интернет арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

40 ОТБАСЫ ПӘТЕР ИЕСІ АТАНДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Шымкентте тағы 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімге қала әкімі қатысып, жаңа пәтер иелерін қуаныштарымен құттықтады. Заманауи тұрғын үйлерден берілген...

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК: АШЫҚТЫҚ ПЕН ӘДІЛДІК АРТАДЫ

Айғақ медиа
14.08.2026
0

Жыл сайын әлеуметтік аз қамтылған отбасының мектеп қабырғасында оқитын балаларына білім күні қарсаңында керек-жарағын қамту үшін бір реттік көмек түрі...

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

ТІСІМЕН АВТОБУС ТАРТҚАН РЕКОРДШЫ

Айғақ медиа
11.08.2026
0

Салмағы 18 тоннаға жуық автобусты тісімен тартқан Шымкенттік азамат әлемдік рекордты тағы бір жаңартты. Дәлірек айтқанда Артық Досалиев есімді 53...

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

ЕҢБЕГІ ЕРЕН ЕРЛЕР

Айғақ медиа
10.08.2026
0

Ұлттық ұланның 6698 әскери бөлімінде ел тыныштығын күзетіп, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген қос азамат марапатталды. Капитан Рахымжан Тұяқбаев пен...

ОТАНДЫҚ БРЕНДТЕРДІ ТОҒЫСТЫРҒАН ЖӘРМЕҢКЕ

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ПАССИОНАРЫ

Айғақ медиа
10.08.2026
0

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» – деп адамдықтың биік өлшемін ұсынған Абайдың әр сөзі бүгін де өз мәнін жоғалтқан жоқ....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.