• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОЙЛЫ ҰРПАҚ — ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

08.08.2025
0

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында ел көлемінде түрлі танымдық-мәдени жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – “Бұлақ көрсең – көзің аш” атты жоба. Аталған бастама аясында Жансая Әбдімәлік шахмат мектебінде шахматтан жолдастық кездесу ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа 5 жастан 25 жасқа дейінгі 30-ға жуық жас қатысты. Жарыстың ерекшелігі – қатысушылардың деңгейі мен тәжірибесіне қарай екі топқа бөлініп сайысқа түсуі. Бірінші топта кәсіби шахматшылар бақ сынаса, екінші топта бұл спортқа енді бет бұрып келе жатқан жас буын өнер көрсетті.

Жарыс швейцариялық жүйе бойынша өтті. Бұл – әр ойыншы бірнеше қарсыласпен ойнап, әр партияда ұпай жинай отырып жеңімпаз анықталатын әдіс. Мұндай жүйе балалардың тек қарсыласпен бәсекеге түсіп қана қоймай, өз мүмкіндігін толық көрсетуіне жол ашады. Шараның басты мақсаты – балалар мен жастарды шахмат арқылы ой еңбегіне, терең ойлауға, жүйелі шешім қабылдауға үйрету. Сонымен қатар, Абай мұрасын насихаттау, оның “білім мен ғылым – адамдықтың негізі” деген өсиетін бүгінгі жас ұрпақтың санасына сіңіру көзделген.

Жолдастық кездесу еркін, достық ахуалда өтті. Қатысушылар арасында бұған дейін түрлі турнирлерге қатысып, жеңіс тұғырынан көрінгендер де, алғаш рет шахмат додасына қадам басқандар да болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың зияткерлік дамуына ғана емес, өзіне деген сенімін арттыруға да септігін тигізеді. Жоба аясында мұндай форматтағы зияткерлік кездесулер алдағы уақытта өзге де аймақтарда жалғасын табады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Абайдың рухани мұрасын ұлықтау мен жастарды ғылым-білімге ынталандыру – бұл жобаның негізгі өзегі болып қала бермек.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ПРОБАЦИЯ ЕСЕБІНДЕГІЛЕР АЛА ДОП БӘЙГЕСІНДЕ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

“ReLife” жобасы аясында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан турнир өтті. Іс-шараның басты мақсаты қылмыстың алдын алу және...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ЖАСТАР

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Адалдық ардың ісі. Осы сөзді ұран еткен жастардың арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін арнайы жарыс өтті. Қала мектептері арасынан...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ ҚАРСЫ 9 ЕЛ ТӘЖІРИБЕСІ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

9 елдің хирург-дәрігерлері бір үстелде бас қосты. Отырыстың мақсаты қатерлі ісікті заманауи жолмен емдеу. Мамандар енді науқасты дертінен айықтыруда дәстүрлі...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Әскердегі тәртіп пен заң талаптарының сақталуы – жауынгерлік дайындықтың маңызды бөлігі. Осыған орай әскери қызметшілер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ – АЛАЯҚ ҚАРУЫ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Кибералаяқтық өршіп келеді. Цифрлық жүйе әккілердің басты қаруы. Жыл басынан бері қалада киберқылмыстың 363 дерегі тіркелген. Бұл 8 ай ішіндегі...

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

ОН КҮНДІК АҚЫЛЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ

Айғақ медиа
06.10.2026
0

Әскерді сағынып жүрсің бе? Шымкентте жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес арнайы тактикалық оқу жаттығуы ұйымдастырылуда. 50/120 - әскери бөлімнің ұйымдастыруымен жиынның...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.