Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК
    Жаңалықтар

    ИНТЕРНЕТТЕГІ ДІНИ ҚАУІПСІЗДІК

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.07.202572 Views

    Үшінші мегаполисте  дін саласындағы саясатты іске асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында маңызды іс-шара өтті. «Дін саласындағы өзекті мәселелер мен оның шешу жолдары бойынша өңіраралық тәжірибе алмасу» атты республикалық семинар-конференцияның басты мақсаты – аймақтарда жинақталған тиімді тәжірибемен өзара бөлісу, дін саласындағы күрделі мәселелерді бірлесе талқылау және жат діни ағымдар таралуының алдын алуда өңіраралық өзара іс-қимылды күшейту болды.

    Ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен дін істері басқармаларының басшылары мен дін мәселелері жөніндегі орталықтардың директорлары арнайы қатысып, саланың көкейтесті түйткілдері мен оларды шешу жолдарын ортаға салды.

    Конференция барысында қатысушылар «Әкімшілік құқық бұзушылықтар аясында діни қызметті реттеу: өзекті мәселелер мен шешу жолдары», «Интернет кеңістігінде діни қауіпсіздікті қамтамасыз ету: жаңа сын-қатерлер және шешімдер»,«Интернеттегі діни құқық бұзушылықтар: мониторинг және әрекет ету жолдарын талқылады.

    Айта кетейік, бүгінде интернет кеңістігіндегі діни ақпараттар қатаң бақылауға алынған. Осы орайда мамандар интернет арқылы таралатын діни мазмұнның заң аясында сараланып, рұқсат етілмеген материалдарды таратқандарға қатысты 25-100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл салынатынын еске салды.

    Семинар аясында Діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған өңірлік тетіктерді, жат діни идеологиялардың таралуына қарсы жүйелі іс-шараларды,

    Мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды тиімді үйлестіру жолдарын, Ақпараттық және әдістемелік тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін жан-жақты талқылады.

    Сонымен қатар әр өңірден келген делегаттар өз аумақтарында іске асырылған нәтижелі жобалар мен озық бастамалар туралы баяндап, өзара тиімді әдістермен бөлісті. Семинар соңында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни радикализмнің алдын алу және қоғамда рухани келісімді нығайту мақсатында бірқатар ұсынымдар қабылданып, олардың өңірлік деңгейде жүзеге асырылу жолдары пысықталды.

    Бұл басқосу – ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген дін саласы мамандарының тәжірибе алмасуына мүмкіндік берумен қатар, ұлттық бірлік пен қоғамдық тұрақтылықты сақтау жолындағы жұмыстарға тың серпін беретін маңызды қадам болды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.