Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Облыс әкімі Универсиада жеңімпаздарын марапаттады
    Жаңалықтар

    Облыс әкімі Универсиада жеңімпаздарын марапаттады

    Айғақ медиаАйғақ медиа02.02.2017301 Views

    Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев  Алматы қаласында өтіп жатқан 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін қабылдады. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғап, Универсиада ойындарындарында жеткен жетістіктері үшін әкім  алғысын білдіріп, ыстық ықыласын жеткізді. Сонымен қоса, алғыс хатпен марапаттап, қаржылай сыйлық табыс етті.

    «Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің  25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шарасына  бағаланып отыр. Бұл тарихи жеңіске бүкіл қазақ елі мен Елбасымыз және үш миллионға жуық тұрғыны бар оңтүстік жұрты да ерекше  қуанышқа бөленді. Спортшыларымыздың арқасында, жоғары деңгейдегі Әлемдік байрақты бәсекеде  еліміздің көк байрағы желбіреді.Сіздер біздің жігерлі күрес пен асқақ жеңістерге толы Ұлттық Рухымызды паш еттіңіздер. Сіздердің жеңістеріңіз  спортты дамытуға барлық жағдайды жасаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың спорт саласына деген қамқорлығының және қолдауының жарқын дәлелі»,-деді аймақ басшысы.

    Алматы қаласында бастау алған жарыстың бірінші  күні ел қоржынына фристайл спортының акробатика тәсілімен секіруден жерлестеріміз Жібек Арапбаева күміс медаль ұтып алса,  Жанбота Алдабергенова қола медалге қол жеткізіп, ел құрамасын командалық есепте төртінші орынға шығарды. Ал, 31 қаңтар күні, Ж.Алдабергенова мен Бағлан Іңкәрбек командалық сайыста алтын медалға  қол жеткізді.

    Жерлестеріміздің Универсиада төрінде жасаған үлкен ерліктері үшін І орын алған спортшыларымызға үш миллион теңге, ІІ және ІІІ орын алған спортшыларымызға екі миллион теңге, ал жаттықтырушы Мұрат Аблятифовқа 2 миллион теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді.

    Өз кезегінде спортшыларымыз алдағы Олимпиада ойындарында да жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, еліміздің көк байрағын желбірететіндеріне сенім білдірді. Сонымен қатар, спорттық додада қолдау көрсетіп, шынайы жанкүйер бола білген барша қазақстандықтар мен Оңтүстік жұртына  шынайы алғыстарын жеткізді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.