Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Ж. Түймебаев Универсиадада жүлде алған жерлестерді құттықтады
    Жаңалықтар

    Ж. Түймебаев Универсиадада жүлде алған жерлестерді құттықтады

    Айғақ медиаАйғақ медиа31.01.2017238 Views

    Алматыда өтіп жатқан «Универсиада-2017» ойындарының екінші жарыс күнінде қыздар арасында фристайл-акробатикадан Оңтүстік Қазақстан облысынан аттанған Жібек Арапбаева күміс, Жанбота Алдабергенова қола жүлдені жеңіп алды. Тәжірибелі спортшы Жібек жарыс жолында 60.84 ұпай олжалап қытайлық Чжу Иньиньнен кейінгі көрсеткішке қол жеткізді. Ал қола медаль тағы бір жерлесіміз Жанбота Алдабергеноваға бұйырды. Жанбота жарыс жолында 60.48 ұпай жинаған болатын.
    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жүлдегер атанған қос қызды телефон арқылы арнайы құттықтады.
    «Екеуің Оңтүстіктің ғана емес, Қазақстанның атын аспандатып, намысын қорғай білдіңдер. Ел сендердің жеңістеріңе шын жүректен қуанып жатыр. Барлық командаластарыңа сәлемдемемізді жеткізіп, тағы да жеңіс күтіп отырғанымызды айтыңыздар. Оңтүстік сендерді зор қуанышпен қарсы алғалы отыр»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.
    Айта кетейік, Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарына Оңтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы қатысуда. Соның алғашқы екеуі олжа салып, ел мәртебесін асқақтатты. «Бұл жарысқа Оңтүстік Қазақстаннан үш қыз қатыстық. Мен, Жанбота Алдабергенова және Ақмаржан Қалмұрзаева. Үшеуміз де жеңіске жетуді қаладық. Алайда бұл ойымыз жүзеге аспады. Қытай қызын алға жіберіп алдық. Бәлкім дайындық жетіспеген болар. Жалпы, дәл осындай байрақты бәсекенің елімізде болып жатқанына қуаныштымыз» ,- деді Жібек Арапбаева. Айтулы спорт бәсекесінде күмістен алқа таққан Жібек Арапбаева 2011 жылы Алматыда өткен Азиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алған болатын.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.