Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ҚҰРЫЛЫС БАЗАРЛАРЫ ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛЕДІ
    Айғақ MEDIA

    ҚҰРЫЛЫС БАЗАРЛАРЫ ҚАЛА СЫРТЫНА КӨШІРІЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа06.07.2024148 Views

    Енді қала аумағында заңсыз орналасқан құрылыс материялдары саудаланатын базарлар қала сыртына көшіріледі. Шаһар басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Кезекті кездесу Бадам бағытындағы жаңадан бой көтерген сауда орталығында өтті.

    Бұл несие алып несібесін теріп жүрген бір топ кәсіпкерлер. Олар құм, шағал тас, ағаш секілді құрылыс материялдары саудаланатын базарларда табыс тауып келеді. Дегенмен салмағы белгіленген межеден асып, құрылыс материялдары артылған жүк көліктері жолдардың тоз тозын шығарып қана қоймай, сауда орындарында да залал келтіруде. Қаланың көркейтуінде кедергі келтіріп жатқан кәсіп иелері мегаполис мэрінің қабылдаған маңызды шешіміне наразы. Себебі белгіленген нүктеге жеткізу қызметі тапсырыс берушіге де сатушыға да әлде қайда қымбатқа түсетінін айтады.

    Кәсіпкерлер қаладан көшу үшін күз мезгіліне дейін уақыт сұрайды. Дегенмен бұл мәселе жақында ғана көтерілген жоқ. Шешім қаңтар айында қабылданып, кәсіпкерлерге 6 ай уақыт берілген. Ал, жиында қала әкімінің кеңесшісі жылы орнынан жылжымай отқан азаматтар қаланы абаттандыру жұмыстарына кедергі келтіріп жатқанын айтып түсіндірді.

    Айта кетейік, халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында қаланың 5 нүктесінде құрылыс материялдары сатылатын арнайы орындар ұйымдастырылды. Олар Алтынтөбе, Бозарық, Құрсай, Бадам және Қызылсай шағын аудандарында орналасқан. Бұл шаралар қаланың шырайын бұзған келеңсіздіктерді жойып, қала ішінде көліктер мен жолаушыларға қолайлы жағдай туғызады. Ал кәсіпкерлер бұл тапсырманы жақын арада орындамаса айыппұл арқалайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.