Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»«ZHULDYZ SUMMER CUP» ТУРНИРІНІҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ
    Айғақ MEDIA

    «ZHULDYZ SUMMER CUP» ТУРНИРІНІҢ ШЫМЫЛДЫҒЫ ТҮРІЛДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа24.06.2024100 Views

    Шымкентте «Zhuldyz Summer Cup» футбол турнирінің шымылдығы түрілді. 19 жасқа дейінгі қыздар арасында ұйымдастырылған халықаралық бәсеке УЕФА футбол қауымдастығының қолдауымен өтіп отыр. Оған шекаралас аумақтағы аяқдоп шеберлері және ел спортшылары қатысады.

    Мегаполисте қыздар арасында ұйымдастырылған халықаралық турнирдің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, қатысушылар көк туға қарап сап түзеді. Байрақты бәсеке Қазақстан футбол федерациясының ұйымдастыруымен және UEFA Assist бағдарламасы аясында өтеді. Жасөспірімдер арасындағы ұлттық құрама бапкерінің айтуынша бұл бастама халықаралық турнирлер қарсаңындағы дайындық шарасы болмақ.

    -Бұл турнирде UEFA чемпиондар лигасында жоғарғы нәтиже көрсетіп жүрген шымкенттік «Биік Шымкент» командасының жасөспірімдері және Қазақстан Ұлттық құрамасы бар. Сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан ұлттық құрамаларын да шақырдық. Турнирдің басты мақсаты — халықаралық ойын тәжірибесін арттыру және әйелдер футболын дамыту болып отыр. Сонымен қатар, жаңа маусымдағы UEFA қауымдастығының халықаралық турнирлеріне дайындық шарасы болмақ. Бұл кездесулер әйелдер футболын дамытады деп сенеміз және алдағы уақытта өзге өңірлерде де ұйымдастыру жоспарда бар,- дейді Қазақстан футбол федерациясы әйелдер футболы департаментінің директоры Наргиз Магау.

    Турнирде 19 жасқа дейінгі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан ұлттық құрамалары және «БИІК-Шымкент» командасы қатысады. Басты мақсат — халықаралық ойын тәжірибесін жинау және әйелдер футболын дамыту болып отыр.

    Айта кетейік, қатысушылар бір топқа түсіп, 24-28 маусым аралығында өзара кездесулер өткізеді. Дегенмен, бұл жолдастық турнир болғандықтан жарыста ұпай саны есептелмейді, жеңімпаз анықталмайды.

    -Мұнда 4 команда бақ сынайды. Ойын қорытындысында ұпай жазылмайды. Дегенмен әйелдер футболын арттыру мен тәжірибесін толықтыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Біздің құрамада жас ойыншылар көп. Осындай жолдастық ойындарда жаңа ойыншылардың қарқынын көріп, маңызды ойындарға жоспар құруға мүмкіндік аламыз,-деген футболдан Қазақстан U-19 қыздар құрамасының аға бапкері Орынбасар Дәуренбекова қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.