Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ӘЛЕМНІҢ 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    ӘЛЕМНІҢ 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа20.06.2024153 Views

    Шымкенттік оқушы шетелдік 21 университеттен шақырту алды. Оқу жылы тәмамдалмай жатып әлемдік деңгейдегі үздік оқу орындарында грантпен білім алуға қабылданған талантты түлек Италия елін таңдап отыр. Шаһардағы кәсіби бағдар беріп, тіл үйрету арқылы білімге баулитын орталықтың мүмкіндіктерін қолданған биылғы жылдың 30 түлегі толықтай шақырту алыпты.
    Білім беру мазмұнын қазіргі заман ағымымен үндестірген Альфа академиясының Шымқаладағы филиалының ашылғанына 3-ші жыл. Талантын талап қоя отырып шыңдаған, үздіксіз оқудың арқасында әлемнің 21 оқу орнынан шақырту алған Нұрай Бейбітбай. Ол Американың, Еуропаның, БАӘ-нің үздік университеттеріне шақырту алыпты.


    Жыл сайынғы түлектеріне шет елде оқуға мүмкіндіктер жолын көрсететін білім орталығы 2023-2024 оқу жылының қорытындысы бойынша 30 түлектің барлығы 100% шақырту алып отыр.
    Жалпы, АҚШ, Италия, Испания, Венгрия, Германия, Канада, Қытай, Оңтүстік Корея, Латвия, Литва, Сингапур, Малайзия, Англия және тағы да басқа елдерге түлектер 1500-ден астам портал толтырып (құжат тапсырып), 420дан астам шақырту алыпты. Академияның түлектеріне берген қаржылық грант сомасы 12 миллион доллар (5 миллиард 307 миллион 800 мың теңге).
    Осы уақытқа дейін білім алған мыңдаған шәкірт бүгінде шет елде жоғары білім алып жатыр. Олармен арадағы байланыстың үзілмегенін айтқан орталық басшысы студенттер мамандықты игеруден, белгілі бір саланың иесі атанғанға дейін жұмыс жалғасады дейді. “Альфа академия” білім беру орталығы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, түрлі ғылыми, қоғамдық жұмыстар арқылы жаңа ортаға, түрлі ситуациялық жағдайларға машықтайды.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.