“Ізетті зейнеткер” сауықтыру кешенінде өнер майталмандары демалушы зейнеткерлер үшін қайырымдылық кешін өткізді. Дәстүрге айналған бұл шараға — тележүргізуші, әнші әрі қаламгер Марина Хасанова қатысып, «Мамандық пен жар таңдаудан қателеспе» атты жаңа елу дана кітабын зейнеткерлерге тосын сый ретінде таратты.
Сондай-ақ, мерекелік концертте көрерменді ерекше сезімге бөлеп, орындау мәнерімен тәнті еткен күйші, әншілер өз өнерлерін паш етті. Кеш соңында ақсақалды аталар мен ақ жаулықты әжелер әншілерге жылы лебіздерін жолдап, алғыстарын білдірді. Бір мезетте 70 адамға қызмет көрсетілетін орталық, заманауи талапқа сай жабдықталған. Мұнда , мәдени іс-шаралар демалушылардың денсаулығына, жас ерекшеліктері мен қызығушылығына қарай жүргізіледі.