• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Желтоқсан 26, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ОЛИМП ЖОЛЫ: АЙБЕК ОРАЛБАЙ

04.06.2024
0

Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Қазіргі таңда ұлттық құрама спортшылары Олимпиадаға жолдама беретін лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, ұлттық құрама қоржынын мейлінше көп жолдамамен толықтыруға бар күш-жігерін салып жатыр. Ал Париждегі осы жылдың басты бәсекесіне лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалуда, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама сапынан Париж Олимпиадасына лицензия жеңіп алған спортшының бірі – боксшы Айбек Оралбай. 92 кг салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын отандасымыз Париж Олимпиадасының жолдамасын биыл Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен әлемдік іріктеу кезеңінде жеңіп алды.

Бокстан Париж Олимпиадасының жолдама иегері, 2018 жылы Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиада чемпионы Айбек Оралбай боксқа күрес үйірмесін іздеп жүріп кездейсоқ келіп қалғанын айтады.

«Әкем күреспен шұғылданған соң, біздің де балуан болғанымызды қатты қалаған болуы керек. Сыңарым Нұрбек екеумізді Астанадағы «Алатау» спорт кешеніне ертіп апарды. Күрес үйірмесін іздеп жүргенде кездейсоқ бокс жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа жолығып қалды. Ол кісі егіз баланы тәрбиелеп, чемпион етіп шығаруды армандап жүргенін айтып, бізді әкемнен сұрап алды. Осылайша, күрес үйірмесін іздеп жүріп боксқа кездейсоқ келіп қалдық», — дейді Айбек Оралбай.

«Қазақстан ұлттық құрамасының 92 кг салмақтағы боксшысы Айбек Оралбай жастар арасындағы бәсекеде де, ерексектер додасында да талай жетістікке жеткен. Ал оның ендігі басты мақсаты – Олимпиаданың алтынын алу. Сол мақсатына жету үшін Айбек ерінбей еңбек етіп жатыр», — деп пікір білдірді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Қазіргі таңда Айбек Оралбай ұлттық құрама боксшыларымен бірге Париж Олимпиадасына дайындалып жатыр. Кейіпкеріміз Олимпиадада кімнің бағы жанады, сол боксшы чемпион атанады деп есептейді.

«Олимпиададағы қарсыластарыма дайындықты қазірден бастап кеттік. Бірақ техникалық, тактикалық дайындыққа жекпе-жекке бір күн қалғанда кірісеміз. Ауыр салмақ болған соң, біздің салмақта кіл мықты боксшылар жиналған. Халықаралық турнирдің чемпиондарынан бастап, әлем, Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлеріне дейін бар. Олардың бәрімен шаршы алаңда кездескенмін, көбімен спарринг жасағанбыз. Атап айтқанда, екі дүркін Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем біріншілігінің жеңімпазы кубалық Хулио Сесар ла Круспен, өзбекстандық, италиялық, испаниялық боксшылармен ринг ішнде де, сыртында да кездескенбіз. Былайша айтқанда, қарым-қабілетімен, әлеуетімен таныспын. Олардың бізден асып бара жатқан ештеңесі жоқ. Бәріміз бір деңгейдегі боксшылармыз деп айта аламын. Құдай бұйыртса, Парижде барымды саламын. Бұл жерде көп нәрсе бабыңмен қатар, бағыңа да байланысты екенін ұмытпаған абзал. Кімнің бағы жанады, сол Олимпиада чемпионы болады деп ойлаймын», — дейді ел чемпионы.

2022 жылы шаңырақ көтерген Айбек Оралбай қазіргі таңда бір баланың әкесі. Париждегі Олимпия ойындарына үлкен жауапкершілікпен баратынын, тек өзі үшін емес, отбасы үшін, отаны үшін Франция төрінде әнұранды шырқатқысы келетінін айтады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласы мәслихатының 30-шы сессиясында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей ықпал ететін маңызды мәселелер қаралды. Сессияда кәсіпкерлікті қолдау, салық саясатын жетілдіру,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.