Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»АСТАНАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРФАНДЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
    Айғақ MEDIA

    АСТАНАДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРФАНДЫҚ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.06.2024120 Views

    Бүгін «University Medical Center» корпоративтік қорының базасында Республикалық орфандық аурулар орталығы (РОАО) жұмысын бастады. Орталықтың ашылуына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің вице-президенті — деканы Массимо Пиньятелли, «UMC» ҚҚ басқарма төрағасы Юрий Пя, сондай-ақ шақырылған сарапшылар қатысты, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    РОАО сирек кездесетін ауруларды емдеудің ұзақ мерзімді нәтижелерін диагностикалау, емдеу және бағалау үшін үйлестіру орталығына айналады. Орталықтың негізгі мақсаты – сирек кездесетін аурулары бар науқастарға медициналық көмек пен өмір сапасын жақсарту.

    «РОАО құру орфандық ауруларды диагностикалау мен емдеуге фрагменттік тәсілді жоюға және жоғары мамандандырылған көмектің қолжетімділігін жақсарту, емдеудің тиімді әдістерін іздеу және диагностика жүйесін әзірлеу бойынша медициналық қоғамдастықтың үйлестірілген күш — жігерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

    РОАО-ның ашылуы шеңберінде Министр UMC-де ем алып жатқан орфандық аурулары бар балаларды аралап, оларды балаларды қорғау күнімен құттықтап, тезірек сауығып кетулерін тіледі.

    Соңғы жылдары тұқым қуалайтын ауруларды ерте диагностикалау бойынша оң динамика байқалады. Бүгінгі таңда орфандық аурулары бар 12 948 бала есепте тұр, оның ішінде орталық және перифериялық нерв жүйесінің аурулары – 7239 жағдай.

    Медицина ғылымының дамуына, аурулардың этиологиясы мен патогенезі бойынша жаңа білімнің пайда болуына қарай, орфандық аурулары бар пациенттер үшін жаңа дәрілік заттар, жаңа технологиялар әзірленуде, скринингтердің және жалпы диагностиканың неғұрлым тиімді түрлері енгізілуде. Сондықтан бүгінгі таңда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін клиникалық медицинамен, аурухана инфрақұрылымының мүмкіндіктерімен, осы бағытта мамандар даярлаумен біріктіру маңызды.

    РОАО-ның негізгі міндеттері:

    1.⁠ ⁠Кешенді диагностика пациенттің алғашқы симптомдар пайда болған сәттен бастап диагноз қоюға дейінгі жолын барынша қысқартуға мүмкіндік береді.

    2. Терапияның тиімділігін мониторингілеу және бағалау: РОАО-да емнің тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда оны түзетуге мүмкіндік беретін орфандық ауруларды емдеу процесіне тұрақты мониторинг жүргізілетін болады.

    3.⁠ ⁠Емдеудің кешенді тәсілі: Орталық орфандық аурулары бар пациенттерді емдеуге, кейіннен оңалту бағдарламасын ұйымдастыруға мультидисциплинарлық тәсілді іске асыратын болады, бұл сирек кездесетін аурулары бар балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін ерекше маңызды.

    4.⁠ ⁠Дәрігерлерді оқыту және олардың біліктілігін арттыру: Орталық сирек кездесетін аурулар бойынша мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру алаңына айналады, бұл медицина қызметкерлерінің білімін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    5.⁠ ⁠Бірыңғай электрондық тіркелім: орфандық аурулары бар пациенттердің бірыңғай электрондық тіркелімін құру жоспарлануда, бұл пациенттердің жағдайын есепке алу, мониторингтеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жоспарлау процесін жеңілдетеді.

    Осылайша, РОАО пациенттерге ең жаңа емдеу мен қолдауға қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, ұлттық деңгейде сирек кездесетін ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша күш-жігерді үйлестіруде шешуші рөл атқарады. Орталықтың ашылуы орфандық аурулар проблемаларын шешуге және Қазақстандағы пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға жүйелі көзқарасты интеграциялаудағы маңызды қадам болмақ.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.