Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ MEDIA
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Бас ақпарат»ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДА ЗИЯРАТ ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ
    Бас ақпарат

    ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫНДА ЗИЯРАТ ТУРИЗМІ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

    Айғақ медиаАйғақ медиа29.05.202466 Views

    Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің туризм әкімшіліктері басшыларының отырысы аясында Өзбекстанның Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимовпен кездесті.

    Кездесу барысында Ермек Маржықпаев Қазақстан мен Өзбекстанның туризм саласындағы ынтымақтастығы дамып келе жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда трансшекаралық туризмді дамытуға бағытталған бірлескен бірнеше жоба іске асырылуда. Нәтижесінде кейінгі жылдары бауырлас екі ел арасындағы туристер ағыны артып келе жатқанын байқауға болады. Оның ішінде зиярат туризмі қарқынды дамып келеді.

    Сондай-ақ министр Өзбекстан аумағында Ислам мәдениетінің және ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұрасы ретінде танылған көптеген қасиетті мекендері бар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, әлемнің танымал туристік және мәдени астаналары саналатын Қоқан, Шахрисабз, Самарқанд сияқты тарихи қалалар бар. Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік органдары мен туристік компанияларының қатысуымен қолға алынған «Табаррук Зиёрат» жобасы тек Қазақстан азаматтарын ғана емес, басқа елдерден келетін туристерді де тартуға ықпал етеді.

    «Осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды ұсынамын. Бірлескен трансшекаралық жобаларды іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туристер ағыны өсуіне оң әсер ететініне сенімдімін. «Табаррук Зиёрат» – ежелгі қалалар мен ескерткіштерді ғана емес, ең бастысы – түркі мемлекеттерінің ортақ тарихын біріктіретін бірегей жоба. Кейінгі жылдары Қазақстанда Маңғыстау облысының туристік әлеуеті қарқынды дамып келе жатыр. Аймақ саяхатшыларға өзінің сұлу табиғатымен, курорттарымен ғана емес, сонымен қатар көптеген құпиясы бар бай тарихымен де қызықты деп ойлаймын. Осыған байланысты Маңғыстау облысын Өзбекстан өңірлерімен байланыстыратын жаңа бағыт әзірлеуді, тұрақты тікелей әуе рейс бағыттарын кеңейту мүмкіндігін қарастыру қажет», — деді Ермек Маржықпаев.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ АШЫҚТЫҒЫ: ПАЦИЕНТТІҢ БАҚЫЛАУ МҮМКІНДІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ

    17.11.2026

    ШЫМКЕНТТЕН ФРАНЦИЯҒА ЖОЛ АШЫЛАДЫ: ШЕНГЕН ВИЗАСЫН РӘСІМДЕУ ЕНДІ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

    17.11.2026

    ӨНЕРКӘСІП ПЕН ЛОГИСТИКАҒА ЖАҢА СЕРПІН

    17.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.