Биыл қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына 145 жыл. Ұлы тұлғаны ұлықтау мақсатында жасөспірімдер арасында кіші футболдан турнир өтті. Дәстүрге айналған байрақты бәсеке жасөспірімдер белсене ат салысты.
Байрақты бәсекеде дәстүр бойынша әнұран орындалып, кіші футболдың шымылдығы түрілді. Турнир балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Оған Еңбекші ауданы әкімдігі және М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжі мұрындық болып отыр.
Аяқ доп додосы Еңбекші ауданындағы мектептерден 8-11 сынып оқушылары арасында өтті. Аталған спорттық турнирге іріктеуден өткен 12 команда бас жүлдені сарапқа салды. Спортшылар тартысты да қызықты ойын өрнегін көрсете білді.
Айта кетейік, жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға кубок, медальдар және алғыс хаттар табысталады. Сонымен қатар қаржылай сыйақы да қарастырылған.