Ұрпақтар сабақтастығы мақсатында ардагерлеріміз жас ұрпақ тәрбиесіне көбірек араласа бастады. Осыған орай, мектептерде, колледждер мен университеттерде кездесулер жиірек ұйымдастырылуда. Соның бірі бүгін, Сағадат Нұрмағамбетов атындағы нөмірі 72 жалпы орта мектебінде, қалалық білім басқармасының және ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен “Қалалық Ардагерлер ұйымы және ұрпақтар сабақтастығы” тақырыбы аясында тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар кеңеске Қаладағы мектептердің тәрбие жөніндегі орынбасарлары және ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар қатысты.
Ұрпақтар сабақтастық мәселесі күн тәртібінен түспейтін, күні бүгінге дейін толғамы терең дүние. Алаштың біртуар перзенті Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің “Бала – басты байлығымыз, ал ең асылы – оның тәрбиесі” демекші, бүгінгі семинарда келелі мәселелер көтеріліп, толымды пікірлер айтылды.